Заманауи зауыт қашан салынады? Көксу ауданында тау-тау болып үйілген қызылша...

Заманауи зауыт  қашан салынады? Көксу ауданында тау-тау болып  үйілген қызылша...

«Аманат» партиясының Көксу аудандық филиалының төрағасы Мәлік Бейсенов зейнет демалысына шықса да осы жұмысты жалғастырып жатыр екен. 

Мәкеңнің мамандығы негізінен ауылшаруашылығы саласынан мал дәрігері болған. Кезінде кеңшар директоры болып жұмыс істеген. Аудан әкімінің орынбасары қызметін 10 жылдай атқарған. Ауыл әкімі болып жүргенде осы партияға шақырған. Осы кісі бастап ауданда, тіптен облыста үлкен өнеркәсіп орны – Көксу қант зауытына келіп маңдай тіредік. Алдында ғана қызылша тиеген көліктердің кезекке тұрғандарында есеп жоқ деп естігенбіз. Бірнеше КамАЗ-дарды ғана көрдік.

– Айтпақшы, ұмытып кетіппін, зауыттың өнімді қабылдау мүмкіндігі аз болған соң он күнге қызылша әкелуді тоқтатып қойған, – деді Мәлік. Көп ұзамай арнайы рұқсатпен зауыт ауласына кірдік. Тау-тау болып үйіліп жатқан қызылшаны көріп таңғалдық.

– Міне, осыларды өңдеуге үлгере алмай жатыр. Зауыт күніне бір жарым мың тонна ғана өнім қабылдай алады, ал қазір күніне 6000 тонна тәтті түбір түседі, – деді Мәлік жан-жағын шола қарап. Көп ұзамай зауыттың директоры Алтынбек Абатов та келіп жетті. Бірден сұрақтарымызды қоя бастадық.

–  Алтеке, бұл қызметте қанша жылдан бері істеп келесіз?

– 11 жылдан бері істеп келемін.

– Зауыт қашан құрылды? Кеңес өкіметінен бері істеп келе жатыр ма?

– Иә, зауыттың іргесі 1934 жылы қаланды. Техникасы негізінен Украинадан келеді. 2015 жылы біраз техникаларын жаңарттық.

– Ескі техникалар жоқ дейсіз ғой?

– Мысалға, мына көріп тұрғандарыңыздай,  таразыларды бақылап отырған жан жоқ. Бұлар түгел автоматтандырылған. Бәрі де компьютермен басқарылады. Әрине, әлі де жаңа техникалармен жарақтандырылатын тұстарымыз жоқ емес. 

– Бір күнде сырттан қанша өнім қабылдай аласыздар? 

– 2000 тоннаға дейін қабылдай аламыз. Биыл өнім бітік шықты. Күніне 6000 тоннаға дейін өнім түсіп жатыр. Бұл біз күтпеген жағдай болды. Мына тау-тау болып жатқан тәтті түбірлерді зауыт уақытында өңдеуге шамасы жетпей отыр. Сондықтан қызылша өсірушілерге он күндей демалыс бердік.

– Бұл бұрын неге ескерілмеген? Болашақта да осындай кемшіліктер қайталана ма, әлде бір шаралар қабылдап жатырсыздар ма?

– Украинамен жаңа келісімшартқа отырдық. Бұл келісімшартқа орай жаңа техникалар алып жарақтандырсақ, күніне 4500 тонна өнім қабылдауға мүмкіндігіміз болады.

– Мынау тау болып үйілген қызылша бұлай жата берсе шіріп кетпей ме?

– Әрине, құнсызданады. Амал жоқ, осылай болып тұр. Бұл бізге зор зиян.

– Бұдан өнім өндіруші диқандар зардап шекпей ме? Мәселен, ақшасын төлемей қоймайсыздар ма?

– Жо-оқ, олар зиян шекпейді. Әкелген өніміне сәйкес ақшасы бірден төленеді. Шығынға отыратын біз болып отырмыз ғой.

– Өнімдерді қай жерден аласыздар? Республикада қай жерлерде қант зауыттары бар?

– Ақсу, Меркі, Таразда зауыттар жұмыс істейді. Ал өнімді Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақтан аламыз.

– Зауытта қанша адам жұмыс істейді?

– 420 адам. Науқандық кезде 500-дей адам жұмыс істейді.

– Айлықтарына олар риза ма?

– Орташа есеппен 200 мың теңгеден келеді.

– Оларға қандай қамқорлық жасалады?

– Үйлеріне көмір түсіріп береміз. Арзан ет жөнінен көмек береміз.

– Мемлекеттен қандай көмек аласыздар?

– Инвестиция аламыз. Субсидиямен көмектеседі.

– Қандай көкейтесті мәселелер бар?

– Субсидияны уақыт жөнінен көтерсе деген тілегіміз бар. Өзіміз болашақта жер алып, қызылша егеміз деген жоспарымыз бар. 

– Өнім өндірушілерге қандай көмек бере аласыздар?

– Жерлерін жыртып береміз. Ал бағаларына келсек, өткізген өнімдерінің 1 тоннасына 40 мың теңгеден бере жатармыз…

– Сұхбатыңызға рақмет!

Президент өз Жолдауында миллион теңге өндіретін зауыт саламыз деп айтты. Зауыттардың проблемалары ортақ. Жаңа техника, жаңа зауыт ауадай қажет.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Мақсат ТАНАБАЕВ
31.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 205
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 47
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 220
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 220
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 238
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 220
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 208
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 204
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 227
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 216
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 224

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10503
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9482
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12717
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11687
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16700