ЖАҢА МӘЖІЛІС ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

ЖАҢА МӘЖІЛІС ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Мәжілісті таратып, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады. Осы уақытқа дейін Мәжілістің құрамы қандай болғанын еске түсірсек... Жетінші сайланым: 2021 – Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтті. Сайлауға қатысқан бес партияның үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан астамының дауысына ие болып, Парламент Мәжілісінің құрамына кірді.

Олар: «Nur Otan» партиясы (71,09%), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (10,95 %) және Қазақстан Халық партиясы (9,10 %). «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісінде 76, «Ақ жол» партиясынан 12, Қазақстан Халық партиясынан 10 депутат қызмет етеді. 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. Жетінші сайланған Мәжіліс құрамына алдыңғы шақырылымның 32 депутаты кірді. Жалпы депутаттық корпус 70 %-ға жаңарды. Мәжілістің жаңа құрамында: ер адамдар – 78 (73%), әйел адамдар – 29 (27%). Депутаттардың орташа жасы – 50 жас (2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша). 40 жасқа дейін – 19 депутат, 40-тан 60-қа жасқа дейін – 69 депутат, 60 жастан асқандар – 19 депутат. Мәжіліс депутаттарының 30-ы (28 %) ғылым докторлары мен кандидаттары ғылыми атақтарына ие болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты мәлімдеме жасады. «Өздеріңізге мәлім, мен былтыр күздегі Жолдауымда Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауы осы жылдың бірінші жартысында болатынын жарияладым. Яғни бұл бастама айтылған сәттен сайлауға дейін жарты жылдан астам уақыт өтеді. Тәуелсіздік жылдарында сайлауға дайындалу үшін кандидаттар мен саяси партияларға осыншама көп уақыт берілген емес», – деп атап өтті Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, Мәжілістің және Мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – конституциялық реформаның жалғасы. Еске сала кетсек, 2022 жылы өткен референдумда Қазақстан азаматтары бұл реформаға қолдау білдірген. «Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы Мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы Мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді», – деп нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев

Ел Президенті атап өткендей, биылғы сайлауда Мәжіліс пен Мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Ал сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Осылайша, өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туып, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады. «Мәжіліс сайлауына жеті партия жіберілді», – деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы. Бұлар: «AMANAT», «Ақ жол», «Ауыл», «Байтақ», ЖСДП, «Қазақстан халық партиясы» және «Respublica».

Рауан МУТАИР
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540