БҮГІН ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАЛА ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ



Қалада 25 707 тұрғын болса, сайлаушылар 15 183. Қала тұрғындарына шақыру билеттері таратылды.

Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы №364 сайлау учаскесінде таңдауын жасап, дауыс берді.


*********
Сайлау №363, №364, № 365, №366, №367, №368, №369 сайлау учаскесінде жергілікті уақытпен сағат 07:00-де мемлекеттік әнұранмен басталды.

Сонымен бірге, барлық учаскеде алғашқы дауыс беруші сыйлықтар табысталды.
**************
86 жастағы қария өз таңдауын жасады

Бүгін Жаңатас қаласының тұрғындары өз әкімдерін таңдауда. Сайлауға қатысушылар белсенді.
№364 сайлау учаскесіне 86 жастағы қария Байжұманов Қошан ақсақал келіп, өз таңдауын жасаса, №367-ші сайлау учаскесінде Рахметов Мағаз ақсақал келіп, өз дауысын берді.
САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СӘКЕН МАМЫТОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы №364 сайлау учаскесінде таңдауын жасап, дауыс берді.
«Аудан орталығы Жаңатас қаласының жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Келесі әкіммен бірге қаланы көркейтіп, жұмыс орындарын көптеп ашып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту ортақ міндетіміз. Бұл жұмыс осыған дейін де жақсы жүргізілген, алда жоспарлар мен міндеттер бар. Мен өз азаматтық борышымды орындадым. Бүгінгі сайлау қаламыз үшін өте маңызды», – деді өз таңдауын жасаған әкім. №364 сайлау учаскесі Ш.Уәлиханов мектеп-гимназияның ғимаратында орналасқан, 2534 сайлаушы бар.
Сайлаушылар белсенді
Жаңатас қаласының әкімінің сайлауына қатысушылар белсенді.
Қала халқының сайлауға қатысатындары – 15 183 адам болса, оның ішінде этностар – 12,3 пайызды құрайды. Сайлауға этно-мәдени орталықтардың жетекшілері белсене қатысып, өз таңдауларын жасады.
18 жасқа толған жас сайлаушылар дауыс берді
Жаңатас қаласының әкімін сайлауға қаланың жас сайлаушылары да белсене қатысып өз таңдауларын жасады.
Өмірлеріндегі ең алғашқы сайлаулары сүйікті қалалары – Жаңатастың болашағымен тікелей байланысты болғанына қуанатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, ең жас дауыс беруші ретінде арнайы сыйлық берілді.