Жарамсыз токты жаратқан…

Жарамсыз токты жаратқан…

Қазіргідей қым-қуыт тіршілік, қарбалас қоғам өмірін электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, электр қуаты – адамзат өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Десек те, күні бүгінге дейін шалғай ауылдар мен елді мекендерде электр энергиясына мұқтаж шаруалар аз емес. Ата кәсіппен жан бағып отырған жандардың дені жанармай отынымен жарықты тұтынуда. Қаладағы тұрғындар да электр жарығының қымбаттағанына алаңдайды. Себебі, дәстүрлі электр қуатын өндіру қыруар қаражат пен шикізаттық шығындарды адам еңбегін қажет ететіні сөзсіз. Осы ретте Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде баламалы энергия көздерін тиімді пайдалануға басымдық берілуде. Бірақ жел мен күн батареяларының құны да аз ақша емес. Айналып келгенде, болашақтың энергиясын пайдалану үшін де «шығын шықпай, кіріс кірмейді» деген қарапайым қағида іс жүзінде үстемдік құрады.
Бірақ, сіз бен біз күнделікті көріп жүрсек те, маңызына мән бере бермейтін энергия көздері баршылық екен. Оған тараздық өнертапқыш көз жеткізіп, оны тіпті жүзеге асырып та қойған. Ол ешқашан сарқылмайтын кәдуілгі магнит күші арқылы шексіз айналып, электр энергиясын өндіретін құрылғыны ойлап тауып отыр.
– Бұл өзін-өзі энергиямен қамтамасыз ете отырып, табиғи энергия ресурстарын, яғни күн, жел, су, мұнай өнімдерін пайдаланбай, электр энергиясын бөлетін қондырғы. Бізде ағаш, темір өндіретін өндіріс орындарында электрді пайдаланғанда сымның екінші ұшын жерге жалғап қояды. Өйткені, ол корпуста ток пайда болады. Ол желінің тогы емес, өздігінен пайда болған қуат. Ротор қозғалған кезде магнит өрісінің әсерінен құрылғылардың сыртқы корпусында тұйық ток пайда болады. Оны физикада «ток фуко», яғни «құйынды ток» дейді. Осы құйынды ток күшейген кезде ауаны жарып өтіп, адамды ұрады, болмаса құрылғыны күйдіріп жібереді. Көбіне мамандар оны зиянды, паразит ток деп жерге жалғайды. Сондай кездерде қарап тұрып, осы «жерге қанша электр энергиясы кетіп жатыр?» деп көп ойландым. «Осыны жерге жібермей-ақ, пайдалануға болмай ма?» деген қарапайым сұрақ мені көптен бері мазалап жүрді. Негізі бұл құйынды токты көбіне домна пештерінде қолданады. Өте жоғары кернеудегі ток онда кенді, руданы балқытып жібереді. Ал өндірісте, тұрмыстық тұтынуда оны қолдана бермейді. Сондықтан осыны тұрмыстық мақсатта пайдалану жолдарын қарастырдым. Мен ойлап тапқан құрылғы осындай құйынды токты да игереді, оған қоса магнит өрісі арқылы өздігінен айналып, жаңадан электр энергиясын өндіре алады. Жиналған токты аккумулятор мен батареяларға жинап алып, пайдалана беруге болады. Тағы бір айта кетерлігі, құрылғы тек бір үйді ғана емес, сонымен қатар жылыжайлар мен шағын өндіріс орындарын да жарықпен қамтамасыз ете алады, – дейді өнертапқыш Қуанышбек Әлішерұлы.
Өнертапқыш қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде қызмет етеді. Өзінің жобасын да аталған оқу ордасының базасында жасап шығарған. Көптен бері ойда жүрген идеясын игілікке айналдыруға елімізде өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі сеп болыпты. Алты жыл бойы сынақтан өтіп, құрастырылған бұл қондырғы қазіргі таңда қолданысқа енуге толықтай дайын.
– Қазір қондырғының қолданысқа арналған заманауи үлгісі де жасалды. Университет базасынан бұл жобаны жүзеге асыру үшін 2 миллион теңгедей қаражат жұмсалды. Онда шалғайдағы шаруалар үшін тіпті қашықтықтан басқару мүмкіндігі де қарастырылған. Яғни, автокөліктерді сырттан оталдыратын қондырғы орнатылып, бұл генератор да пульт арқылы жұмыс жасай алады. Оған қоса алдағы уақытта әрбір тұтынушы смартфон арқылы қанша электр қуаты өндірілгенін бақылап отыру үшін цифрлық бағдарламалар енгізілуде. Қондырғыны біз ең әуелі шалғайда орналасқан стационарлы электр тораптары тартылмаған шаруа қожалықтарына ұсынғымыз келіп отыр, – дейді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Сейітжан Орынбаев.
Қазір қоғамның дамуына аз да болса қолғабыс етсем деген өнертапқыштың құрылғысына патент алу үшін тиісті құжаттар әзірленуде. Авторлық рәсім аяқталған соң, өңірдегі өндіріс орындары, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының игілігіне ұсынылатын болады.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ Тараз қаласы
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 139
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 140
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 249
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 464
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 426

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9126
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8522
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11750
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9518
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10731