Қазір жастардың арасында «ең бірінші тұрғылықты үй алып алайын» деп, отбасын құруды кешіктіріп жатқандықтарын жиі кездестіреміз. Материалдық құндылықтарға басым назар аударып, уақыттың өтіп жатқандығын аңғармауда. «Болашақ жастардың қолында» деген Қазақстан, енді өз мемлекетін құрған жастарға баспаналы болудың бірнеше тиімді бағдарламаларын әзірлеген. Мысалы «Бақытты отбасы» бағдарламасына мемлекет 2023 жылы 20 млрд теңге бөлді. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалдарына, 2019 жылдан бері 23,7 мың көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Оның 16 мыңына жалдамалы пәтер берілсе, 7,7 мыңына «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы төмен пайызда несиелік пәтер берілгендігін жеткізді. Сондай-ақ, Роман Скляр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жалдамалы үйдің 50 пайызын субсидиялау мүмкіндігі қарастырылды. 2022 жылдың 12 желтоқсанындағы мәліметтерге сүйенсек, 7,3 млрд теңгенің 8,1 мың өтінімі мақұлданғандығын айтты.