Жастарды қолдау күшеюде

Жастарды қолдау күшеюде

Сәуірдің 17-сі күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау бағдарламалары туралы» атты баспасөз конференциясы болып өтті. Жиналыста Компетенцияны дамыту орталығы «ITeachMe» қоғамдық қорының директоры Бегалиева Захира Оңғарбайқызы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі Ордабаев Олжас Темірбекұлы, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ онлайн оқытуды дамыту департаментінің директоры Әдепбаева Қымбат Қаниқызы қатысып, қазіргі таңда қолға алып жатқан игі шаралар туралы сенімді ақпараттарымен бөлісті. 

Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау бағдарламалары туралы

Алғашқы болып сөз алған Захира Оңғарбайқызы мамандықтарға қарата талаптардың күн сайын күшейіп келе жатқан бәсекеге толы заманында Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың армандаған қызметке қол жеткізу мәселесінде де біраз қиындықтар бар екенін атап өтті. 

– Қазір Қазақстанда 700 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның ішіндегі 420 мың адам мүмкіндігі шектеулі болғанымен, еңбек етуге қабілетті. Бұл 58 пайызды құрайды. Бұл қазіргі біздің еңбек нарығына үлес қоса алатын адамдар. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс таба алмауының бірнеше себебін анықтадық. Біріншіден, оқу орындарында алған білім мен практика сәйкес келмей жатады. Екіншіден, сұранысқа ие болу үшін қосымша білім жетілдіру курстарынан өту керек. Заман ағымына сай әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуы керек. Бүкіл әлемде цифрландыру және технология ғасыры болып жатыр. Тағы бір фактор – мамандық бір рет қана таңдалуы керек, өмір бойы тек сол кәсіппен айналысу керек деген көзқарастың болуы. Жаңа заманауи мамандықтар да өзін жетілдіруді хобби ретінде көреді, – деді Захира Оңғарбайқызы. 

Ары қарай сөз алған Вице-министр Олжас Ордабаев ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша жүзеге асырылатын шаралар туралы баяндап берді.

– Қазіргі кезде жұмыспен қамту 3 бағытта іске асырылуда. Біріншісі – жұмыс орындарын квоталау тетігі. Яғни мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан  2-ден 4%-ға дейін жұмыс орындарына квота белгіленеді. 2022 жылы 12,2 мың мүгедек адам квота шеңберінде жұмысқа орналастырылды. Екіншіден, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру.  Бұл жоба 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибе негізінде іске асырылуда. Мүгедектігі бар жастар үшін жұмыс орнын жабдықтап, жұмыс орнын құрған адам үшін шығындары өтеледі. Аталған тетік қайта қаралып, күшейтілді, ағымдағы жылдан бастап жұмыс берушілердің шығындары 1 млн теңге мөлшерінде өтеледі. Оған қоса жұмыс орындарына алынатын мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде мемлекет тарапынан субсидияланады. Бірінші жылы мемлекет жалақының 70%-ын, екінші жылы – 65%-ын, үшінші жылы – 60%-ын субсидиялайды. Үшінші – Кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы шеңберінде шаралармен қамту. Ұлттық жоба шеңберінде біліктілікті арттыру, кәсіпкерлікпен айналысу және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру шаралары іске асырылуда. Бүгінгі күні Ұлттық жоба шеңберінде 13 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды. Атап айтар болсақ, жұмыс берушінің тапсырысы бойынша қысқа мерзімді курстар, оған қосымша бізде онлайн курстар да бар. Ағымдағы жылы грант беру механизмі қайта қаралған болатын. Оның ішінде халықтың осал топтарына, атап айтар болсақ, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға басымдық беріледі. Тапсырыстар «enbek.kz» сайтына онлайн жіберіледі. Ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға айтылған гранттар қолжетімді. Оған қосымша айта кетер болсақ, жеке кәсібін ашу үшін мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 286 ата-ана мен мүмкіндігі шектеулі 481 адам грант алды. Бұған қоса 1200 адам тұрақты жұмысқа, 5900 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды», – деді Олжас Ордабаев.

Келесі сөз кезегінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ онлайн оқытуды дамыту департаментінің директоры Қымбат Әдепбаева 2021 жылдың шілдесінен бастап Жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесінің бөлігі ретінде «Skills Enbek» Кәсіптік оқыту платформасы құрылғанын айтты.

Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау бағдарламалары туралы

–  «Skills Enbek» платформасының мақсаты – дағдыларды үздіксіз дамыту және бүкіл халықтың өмір бойы кәсібилік деңгейін арттыру үшін мүмкіндік жасау. Қазіргі таңдағы жылдам өзгерістер жағдайында білім мен дағдылардың құндылығы үнемі өсіп отыр. Жаңа білім жұмыстағы проблемаларға тезірек жауап беруге, сұранысқа ие болу үшін мамандықты өзгертуге мүмкіндік береді. Соған жарай дағдыларды үйрену тәсілдері де өзгеруде. Өйткені онлайн оқыту адамдарға өз дағдыларын дамытуға және қысқа мерзімде жаңа мүмкіндіктер алуға көмектесетін маңызды құрал. Мансапты дамыту, оны өзгерту, кәсіптік оқытуға дайындық, жұмысқа орналасу, бизнес ашу, жеке тұлғаны дамыту. «Skills Enbek» платформасы – қысқа мерзімді онлайн оқыту курстарының маркетплейсі. Сарапшылар өз курстарын орналастыра алады. Өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісе алады. Кез келген адам оқудан өтіп, нәтижелері бойынша дағдыларды игеру туралы сертификат алады. Платформа сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе өз біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген ҚР азаматы үшін қолжетімді. Бүгін «Skills Enbek»-те 209 курс орналастырылды, оның 126-сы өтуге мүлдем тегін, ал 85 курс қазақ тілінде оқуға қолжетімді. Платформа іске қосылған сәттен бастап 249 мың адамды қамтыды. Оқуды сәтті аяқтап, 205 мың адам сертификат алды. Оқуды аяқтағандардың ішінде 109 мың адам жастар, ал 41,3 мың адам жұмыссыз адамдар мәртебесіне ие. Жастар сауда, тамақтану, персоналды басқару курстарында оқуды жөн көреді, ал аға буын көбінесе ауылшаруашылығы курстарын таңдайды. Ең кіші оқушы 15 жаста, ал ең үлкені 81 жаста. Сайтта ақылы және тегін курстарын әзірлейтін 76 автор тіркелді», – деді Қымбат Қаниқызы.

Бұдан ары қарай спикерлер журналистердің қойған сұрауларына жауап беріп, аталған тақырып төңірегінде тереңірек пікірлесуге көшті. Мүгедектер санатына жататын адамдардың мәселесі аса ауқымды шаруалардың бірі болып табылады. Олардың құқықтарының қорғалуы бүкіл қоғамның назарында тұрған мәселе десек, артық айтқандық болмас. Ал жұмыспен қамту жағында біздің еліміз көптеген тиімді шараларды атқарып келе жатыр. Оның дәлелдері жоғарыда келтірілген нақты мәліметтер мен жоспарлардан белгілі болып отыр. Қазір дүниежүзі бойынша мүгедектерді жұмыспен қамтуға бағытталған заңдар мен ережелер және преференциялық саясаттарды кемелдендіруге ден қоятын елдер көбейіп келеді. Алайда жұмыс күшін жалпы жұмыспен қамту тұрғысынан алғанда, мүгедектерді жұмыспен қамтуда әлі де болса проблемалар бар. Мысалы, мүгедектердің еңбек дағдылары мен нарық сұранысы арасында үлкен алшақтық сақталып отыр. Сондықтан көптеген дамыған және даму үстіндегі мемлекеттер мүгедектердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіптік дағдыларға оқыту және конкурстар өткізуге ден қойып отыр. Бұл жағында мүгедектердің әлеуметтік қажеттіліктері мен ерекшеліктерін үйлестіре отырып, мүгедектерге кәсіптік білім беру, әлеуметтік өмірге тең дәрежеде қатысуға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға ынталандыру мәселесі басты назарда тұр. Жұмыс түрі туралы назар аударар болсақ, шетелдерде көбінде жеңіл мамандықтарға тәрбиелеу орын алғанын айта кеткен жөн. Мысалы сурет салу, тоқымашылық, кондитерлік өнімдер дайындау, электронды коммерция және т.б. Бұдан бөлек орта және ұзақ мерзімді оқыту курстары сияқты әртүрлі кәсіптік дағдыларды оқыту курстарын белсенді түрде ұйымдастырып отырады. Бұл жағынан алып қарағанда, Қазақстандағы атқарылып жатқан шаралар да әлемдік үрдістің бір бөлшегі әрі көпке үлгі болар игі бастама дер едік. 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 75
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 275
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 271
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 892

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8969
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8363
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11589
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9347
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10573