«Жезкиік» ғұмыр

«Жезкиік»   ғұмыр

Биыл Қазақтың ән өнерін «Жезкиік» әнімен-ақ биікке көтерген мемлекет қайраткері, ақын Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толды. Ақынның өзі «Бірыңғай ақындық жолмен кетуім де мүмкін еді. Бірақ Қаныш Сәтбаевқа еліктедім, соның жолын қудым. Сөйтіп, кен инженері болуды ұйғардым. Қанекең салған жолды таңдадым. Қанекең ашып кеткен ризық ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Тек оның орны қайта толмас байлық екенін де естен шығармайық. Ұқыптылық та, есеп те керек. Егер өндірісті білгірлікпен өркендетсек, одан ауылға келер шапағат та мол болмақ» деп, еліміздің табиғи бай қазыналы қорларын сақтауға шын жанашыр бола білген, ғалым, академик Кәкімбек Салықов көзі тірісінде халықаралық Қ.Сәтбаев қорын басқара жүріп, Арал, Балқаш, экологияға мәселесіне көп еңбек сіңірді. К. Салықов: «Кезінде кемеңгер Мұхтар Әуезов айтқан екен: «Қанекең – Абай, Шоқан қатарындағы тұлға» деп. Қазір сол қатарға Мұхаңның өзі де қосылды. Бұл төртеуі теңдесі жоқ тұлғаларымыз. Бұлардың азаматтық парасатын, ғалымдық кемеңгерлігін, біліктілігін ел жүрегіне, әсіресе жастарға, одан қалды бүкіл әлем халқына айғақтай, жеткізе түсуіміз керек. Абайды поэзияда қалай асқақтатсақ, ғылымда Қанышты да сондай биікке көтеру – міндетіміз» деп, қазақ мәдениеті мен руханиятын ұрпаққа санасында жаңғыртуға атсалысты. Кезінде Үкімет К.Салықовтың өтінішімен «Нұр-Cұлтан қаласындағы политехникалық институттың алдына Қаныш Сәтбаевтың ескерткішін орнатамыз» деп уәде бергенімен, әлі күнге дейін ақын арманы орындалған жоқ. 

Бірақ өлең сөзіне ән көп шығарылған қазақ ақындарының алдыңғы қатарында халықтың жүрегінде ән болып мәңгіге қалды. Ақынның мерейтойына орай елордада өткен мәдени-рухани кеш аясында 2002-2013 жылдар аралығында өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, кітап және фотокөрме өтті. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияда концерт ұйымдастырылды. Бірнеше бөлімнен тұратын салтанатты шараға Алматы, Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Мәскеу және басқа да қалалардан өнер мен мәдениет қайраткерлері, белгілі ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысты. Ақынның өмір жолына көз жүгіртер болсақ, тау-кен инженері, шахта бастығы, Жезқазған кен-металлургиялық комбинаты парткомының хатшысы, қалалық комитет басшысы, КОКП Орталық комитетінің инспекторы, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, Қарақалпақ облыстық партиясының бірінші хатшысы, Қазақстанның Жоғары Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі экология комитетінің төрағасы, Арал мәселесі жөніндегі Ұлттық кеңестің бас сарапшысы, Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті. Қазақстанның «Экология» халықтық академиясының академигі сынды мансапты ғұмырына куә боламыз.

Кәкімбек Салықовтың алғашқы өлеңдері еліміздің газет-журналдарда 60-жылдардың аяғында жариялана бастаған. 1972-жылдан бастап, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі атанған ақынның «Жезкиік» атты жыр жинағы кеңінен танымал болып, орыс және қырғыз тілдеріне аударылды. Кейіннен белгілі композиторлар Нұрғиса Тілендиев пен Жақсыкелді Сейілов бұл өлеңге ән жазады. 

– «Соңғы жылдары Кәкімбек Салықов өте көп жазып, шығармашылықпен айналысты. Басты жолы, міндеті, ерекше қасиеті  – поэзия екенін түсінген сыңайлы.  Ол шығармашылықпен айналысып, жыр жазу үшін жаралғандай. Қызмет бабымен жүріп, әдебиеттен қол үзіп қалғанын сезгендей, 1990-жылдардан кейін осы олқылықтың орнын толтыру үшін көп еңбектенді. Өмірде көрген-білгенін, көзқарасы мен пікірін, сезімін жыр арқылы жеткізуге тырысты. Оның өмірлік тәжірибесі көптеген өлеңдерге арқау болып, халық арасында танымал керемет әндер жазылды», – деп еске алады жазушы, драматург Дулат Исабеков.

Ақын өлеңдеріне жазылған әндер астана аспанында қалықтап, көрермендерді ерекше әсерге бөледі. 22 сәуір – ақынның туған күніне орай республиканың түпкір-түпкірінде салтанатты шара ұйымдастырылып, кездесу, концерт, ғылыми конференциялар мен көрмелер өтті. Алдағы уақытта мемлекет қайраткер, ғалым, академик, ақын Кәкімбек Салықовқа арналған жаңа кітаптар мен деректі кинофильмдер шығару жоспарлануда. Алматы көшелерінің біріне Кәкімбек Салықовтың есімі берілді. Елімізде екі мектеп – Кәкімбек Салықовтың өзі оқыған және тағы бір мектеп талантты ақынның атымен аталады. Cонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы Көшетау Университеті жанындағы жаңа Педагогикалық Институтқа, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аудиториясына Кәкімбек Салықовтың есімі берілмек. Ал, күзде Алматыда ақынның құрметіне үлкен концерт ұйымдастырылмақ

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8441
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11668
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9431
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10648