Журналдың басты ерекшелігі – балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу

Журналдың басты ерекшелігі – балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу

Осы ғасырдың басында 2002 жылы «Qazaqstan dauiri» (Бұрынғы «Қазақстан-ZAMAN») газетінің аясында жас зиялыларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналы өмірге келді. Содан бері әне-міне дегенше жиырма жыл өте шығыпты. Тәуелсіздігіміздің оныншы жылы жарыққа шыққан журнал ширек ғасырға жақын уақыттан бері өсіп келе жатқан тәуелсіз елдің перзенттеріне тоқтаусыз қызмет етіп келе жатыр. Егемендік алғанға дейін «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкен» секілді бірнеше ғана балалар газет-журналдары болса, дербестігіміздің шарапаты арқасында балаларға арналған бірнеше басылым арт-артынан өмірге келді. Біздің басылым да тәуелсіздіктің төл тумасы. Күн сайын өсіп келе жатқан жас мемлекетіміз үшін басылым көптік етпейді. Әр басылымның өз оқырманы, өз тұтынушысы бар. Кім қаншалықты қызмет ете алады, соншалықты нәтиже көрінетіні анық. 

Журналдың ең басты ерекшелігі – жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, мемлекетшілдік көзқарасты сәби шағынан бастап санасына сіңіре отырып, ертеңгі елдің қожалары өздері екенін сездіру. Онан ары мемлекетті құраушы негізгі қазақ ұлтын түп қазық ете отырып, ұлттық құндылықтар мен ұлттық менталитетті жүректеріне сіңіру. Жастық шақ – ең үлкен байлық, оқығанын ұғатын, үйренгенін меңгеретін, мақсатына жететін ғажап шұғылалы кезең. Ендеше, сондай бір мүмкіндікті пайдалана отырып, білім алуға, биіктерге ұмтылуға жетектеу – журналдың тағы бір басты міндеті. Ұрпақ тәрбиесі жөнінде Әль-Фараби бабамыз айтып кеткен «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат алып келеді» деген қағиданы терең түсініп, күллі жұмыстың басына тәлім-тәрбиені қоя отырып, білім беру – дәуір талабы, уақыттың қажетілігі. Журналдың оқушыларға жетуінің де осындай өзіндік сыры бар. 

Отбасындағы ата-ана тәрбиесінің көлемі шекті, деңгейі әр алуан, мейірімі мол болғанымен, мүмкіндігі шектеулі.  Мектептегі ұстаздардың беретіні оқулықтың аясына сыйдырылып, аясы тар, айтары шектеулі. Оқушы он жылдық мектеп пен бес жылдық университеттен бар білімді алып, бар қазынаны қамтып шыға алмайды. Баланың сауаты ашылып, көкжиегі кеңейген сайын, үйренгеннің үстіне үйреніп, білгеннің үстіне біле түскісі келеді. Ол үшін кітапқа жүгінеді, газет оқиды, журнал парақтайды. Өйткені Хакім Абай атамыз «Артық білім кітапта» деп, баяғы да айтып кеткен. Данышпандар «Кітап оқу тоқтаған жерде, ойлау да тоқтайды» деген екен. Ойсыз адам жайылып жүрген малмен тең, адам мен малдың айырмашылығы да санасында, оның ішкі руханиятында. «Кітап бетін ашпаған ұрпаққа болашақта есік ашпайды». 

Газет-журнал тек қана ақпарат тарату үшін, ақпаратпен қоғамды қамдау үшін ғана жарық көрмейді. Ол – білім бұлағы, таным мен тағылымның өрісі, тіпті көркемдіктің көкжиегі. Солай болғандықтан да, «Мөлдір бұлақ» журналы өз жауапкершілігін сезіне отырып, ұлттың келешегіне қызмет етумен келе жатыр. Басты оқырманы мектеп жасындағы тәрбиеленушілер болғандықтан, шәкірттердің шығармашылығына басымдылық беріп, жасампаздығын жетілдіруді көздейді. Оқушылардың жазған тақпақтарын, эсселерін, салған суреттерін, ой-пікір сәлем хаттарын басып шығарып, шабытына шабыт қосып, «бұлақ көрсең, көзін аш» деген өнегелі жолмен балалардың жолын ашу, жолдасын білім ету. Осымен ғана шектеліп қалмай, ұстаздар ұлағатын, ата-аналар кеңесін, ұлы адамдар өмірін, ғылым-техниканың жаңалықтарын жатпай-тұрмай іздеп тауып, жарыққа шығарып отырамыз. Журналда жүзден аса айдар, тұрақты мінберлер бар. Ел ішіндегі жаңалықтар мен әлемдегі таңғажайыптар туралы да сыр шертуді ұмытпаймыз. 

«Мөлдір бұлақтың» кешегі балғын оқырмандары бүгінгі елдің үміт артар таянышы, сенімді тірегіне айналды. Балғын басылымның «Жас тілшілері» бүгінгі қарымды қаламгерлер дәрежесіне жетті. Олар егеменді еліміздің ақпарат кеңістігінде аянбай тер төгіп келе жатыр. Арғысын айтпағанда, жас тілшілер қатарында қалам тартып жүрген жеті түлек былтырдың өзінде жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, білімдерін одан ары жалғастырып жатыр. 2021 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына жариялаған бәйгеден республика бойынша 13 жүлдегер топ жарып келген болса, биылғы тәуелсіздіктің отыз жылдығы қарсаңындағы «Отан! Отан! Бәрінен биік екен!» деген тақырыптағы шығармашылық байқаудан тағы да 13 шабандоз оза шауып, грамоталары мен бағалы сыйлықтарын алып қайтты. 

«Мөлдір бұлақ» 2002 жылдың ақпан айында жарық көріп, «Қазақстан-ZAMAN»   газетінің аясында шығып тұрды, алғашқы Бас редакторы Марат Тоқашбаев болды. Жауапты редакторы Сумейра Абжы болды. Онан кейінгі басылымның басшысы – журналист Раушан Кәрішалова. 2005 жылдың қараша айынан 2018 жылға дейін Журналға ҚР «Мәдениет қайраткері» Кучукова Жанастан Тұрсынқызы бас редактор болды. 2018-2021 жылдар арасында ҚЖО-ның мүшесі, ақын, «Серпер» сыйлығының иегері Саят Қамшыгер Бас редактор болып қызмет етті. Онан кейінгі кезек бізге нәсіп болды.  Журналдың 5, 10, 15 жылдығы кезінде Қазақстан Журналистер Одағының арнайы дипломымен марапатталды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын алды.   

Міне, біз журналдың 20 жылдығына қадам бастық. Алда тың тақырып, озық ойлармен өздеріңізді қуандыра береміз деген ойдамыз. 

Құрметті жас шәкірт, көзқарасыңды байытып, біліміңді тереңдете түсу үшін, шығармашылық белсенділігіңді арттырып, шығармашылықпен айналыса түсу үшін міндетті түрде «Мөлдір бұлаққа» жазылуға тура келеді. Ардақты ата-аналар, отбасылық бюджеттен «Мөлдір бұлаққа» қаржы бөліп жаздыру – ұрпағыңның ертеңіне көңіл бөлу деген сөз. Кітапқа, газет-журналға дос болғанның өмірде бос болғаны жоқ.  

 

 

Дәулетбек Байтұрсынұлы, ақын, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 64
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 64
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 431
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9087
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8485
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11713
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9479
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10694