Жыршылық өнердің саңлағы, жырау Көшеней Рүстембек

Жыршылық өнердің саңлағы, жырау Көшеней Рүстембек

Қазақ  халқының сан ғасырдан бері қалыптасқан бай дәстүрі – жыршылық өнері. Сыр өңірі қазақтың көне жыршылық мектебінің, жыраулық өнері – Түркі тілдес халықтарының ортағасырлық ән мәдениетіндегі көлемді  «он екі мақам» қазақ жерінде кең тараған. Әсіресе Сыр бойының атақты жыршылары мақамдары үлкен шеберлікпен орындайтын болған. Солардың ішінде аты күллі қазақ еліне белгілі,  жыр саңлақтары – Жиенбай жырау, оның баласы Рүстембек жырау, Рүстембектің жыр мұрагері – Көшеней. Рүстембек ұлы Көшеней 1946-1973 жылдары өмір сүрген. Қазақтың мақамшыл – жырауларының көне орындаушылық шеберлік үлгісі дәстүрінен мол мағлұмат береді. Көшенейдің орындауындағы мақам жырлар, әуендік құрылысы, дауыс техникасы, музыкалық интонациясы жағынан, қазақтың жалпы қалыптасқан әншілік дәстүрінен мүлде өзгеше. Орта Азия халықтарының арасында кең тараған көне Шығыс әуендерімен үндесіп, сабақтасып жатыр. Көшенейдің орындау шеберлігі, оның дауыс мәнері Орта Азия мақамшыларының классикалық үлгісіне ұқсас келеді.

Көшеней дауысы көне тамақ (горань) әдісімен қоса, дауысын күшейтіп шығаратын резонаторларды (өз бойындағы) өте шебер меңгерген. Көшеней жырлағанда бүкіл денесінің бәрі күмбірлеп, саз төгіліп тұрғандай әсер береді. 

Жас жыршы өз өнерін жетік меңгергендігі сонша, оны тыңдағанда халқымыздың тар жол тайғақ кешкен сан ғасырлық өз тарихымыздың философиялық даналығымызбен көз алдымызға келеді. Тамақ дауысымен гортаньмен орындау түркі тілдес халықтар әзірбайжан, түркімен, хакас, ұйғыр, өзбек, сонымен қатар тұңғыс нәсілдес халықтар арасында монғол, якут т.б. осы кезге дейін кездесіп отырады. Сыр бойының жыршылары да, осындай ең байырғы әуенмен орындайды.

Сан ғасырлық көне жыр дәстүрін өз атасы Жиенбайдан, әкесі Рустембектен үйреніп, Сыр өңірінің жыр дәстүрі Көшенейдің бойына ана сүтімен дарып, тамырын тереңге жайған. Оның басқа жыршыларға қарағанда орындаушылық шеберлігі, өз дауысымен соншалықты мүлтіксіз меңгеруі сирек кездесетін құбылыс  болып табылады. Көшеней өз ата-бабасынан мұра болып келе жатқан жыр дәстүрін жалғастырған жай ғана жыршы емес, ол өзі меңгерген жыр өнерінің шығу тарихын, осы заманның озық ғылыми тұрғысынан зерттеген ғалым әрі сол өнерді жан-тәнімен сүйетін оған бар ықыласымен берілген нағыз өнерпаз еді. Осы жан-жақты ізденуінің әсерінен Көшеней өнері мен шеберлігі жыр өнерін құрмет тұтатын адамды еріксіз тамсандыратын. Биік өрелі ұлы өнерімен – Халықаралық және республикалық жыршылар ақындар айтысына қатысып, үздік атанған. Дегенмен Сыр бойының жыршылық мектебі, өзінің дәстүр биіктігі мен жыршылық биік мәдениетімен, Қазақстанның басқа өңірінен оқшау тұрады.

Сыр бойының жыршылық мектебі қазақ музыкасының атасы Қорқыт дәстүрімен  бізге дейін жеткен – мыңдаған жыллардан бері халқымыз көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан мақам жырлардың бізге келіп жеткен жұрнағы, бүгінгі ұрпақтың мақтан тұтар рухани асыл қазынасы. «Көроғлы», «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр» т.б. эпикалық дастандарын нотаға түсірген, жырлаған, бүгінде бізге жеткен Көшенейдің  асыл мұра, домбыра аспабы – Мультимедиялық дәстүрлі музыкасының экпозициялық залында жәдігерлер топтамасынан өз орнын тапқан.

 

Несіп ШӨКЕЙ, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының ғылыми кеңесшісі
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 98
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 132
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 133
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 98
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 242
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 245
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 458
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 420

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9119
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8516
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11744
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9512
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10725