Аграрлық секторды қолдау 2025 жылы 1,1 трлн теңгеге жетті

Аграрлық секторды қолдау 2025 жылы 1,1 трлн теңгеге жетті


📌 2025 жылы аграрлық секторды қаржыландыру 172 млрд теңгеге ұлғайып, 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл қаражат егіс науқанын қолдауға, дәнді және майлы дақылдардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ су инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруға мүмкіндік берді. Мұндай деректерді Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев келтірді.

«Аграрлық секторға ерекше назар аударыла отырып, 2025 жылы оны қолдауға 1,1 трлн теңге бағытталды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 172 млрд теңгеге артық. Форвардтық сатып алулар үшін 346,2 мың гектар егіс алқабы бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 25,9 млн тонна астық, оның ішінде 19,3 млн тонна бидай бастырылды»,


— деді Мәди Такиев.

Сондай-ақ 4,9 млн тонна майлы дақылдар, 3,6 млн тонна арпа, 1 млн тонна жүгері, 525,9 мың тонна күріш, 1 млн тоннаға жуық бұршақ дақылдары және 76,7 мың тоннадан астам қарақұмық жиналды.

«Күнбағыс егіс алқабы 1,5 есеге – 1,2 млн гектардан 1,7 млн гектарға дейін өсті, бұл күнбағыс майын өндіруді 17,5%-ға, яғни 752,1 мың тоннаға дейін ұлғайтуға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік берді. Күнбағыс майының экспорты 24%-ға, яғни 219,3 мың тоннаға дейін өсті»,


— деп атап өтті қаржы министрі.

Оның айтуынша, су инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы 1 840 шақырым суару каналдары тазартылып, 680 шақырым суару желісі қайта жаңартылған және 375 гидротехникалық нысан жөнделген.

«Үкімет үшін бюджеттің орындалуы тек игеру пайызы бойынша ғана бағаланбауы өте маңызды. Басты критерий – азаматтар мен бизнес және өңірлер үшін нақты нәтижеге қол жеткізу»,


— деп атап өтті Мәди Такиев.

10.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25745
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25195
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42620
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38457
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43004