Ақтөбе әбігерге түсті

Ақтөбе әбігерге түсті

Биылғы көктем Ақтөбеге басқаша келді, басқаша келгені сол – бұқараны да, билікті де әбден әбігерге салып, ұйқысынан айырды. Та- биғаттың тосын мінезінің салдарынан еріген қар суы өзен-көлдердің суымен қосылып, да- ладағы, қаладағы сай-саланы аузы-мұрнынан шығара толтырып, арнасынан асып, жолын- дағы көпірлерді құлата ақты.

Наурыз айының аяғына дейін күннің салқыны сынбай, «кәрі құда» қыстың сызы кетпей тұрып алғаны алдамшы екен, 30 нау- рызда ауа температурасы +9 градусқа дейін күрт көтеріліп, көктем кенеттен келді. Дала- дағы қардың бәрін «алдына салып айдап шыққан» ару-көктемнің бұл «қылығы» біраз қиындық туғызды.

Су тасқыны салдарынан бірнеше жолдар су астында қалып, көпірлер шайылып кетті. Мәселен республикалық маңызды екі жолды су басты: сәуірдің 3-і күні Мұғалжар ауданы аумағындағы «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының 79 шақырымында жол бойында су тасқыны болды. Және 46-90 км учаскесін- де – Алға қаласынан Қандыағаш қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Сонымен бірге Қарғалы ауданы ау- мағындағы «Ақтөбе-Орск» автожолының 33 шақырымындағы (Петропавловка ауылынан 2 км) жолға су құйылды.

Облыстық маңыздағы жолдарда да – Алға, Байғанин, Ойыл, Қобда, Мұғалжар ауданда- рында да жол бойында су тасқыны болып, кей жерлерде көлік қатынау мүмкін болмай қалды. Өтпе жолдарды, көпірлерді су шайып кетті. Барлығы 3082 адам тұратын 6 ауылға қарай апаратын өтпе жолдар жабылды.

Облыстық төтенше жағдай департаменті 5 сәуір күні жаңа ақпараттарды жария етті: «Бүгін (5 сәуірде) республикалық деңгейдегі екі жолдағы су тасқыны басылған жоқ: Алға ауданының Бестамақ ауылы маңында («Ақтө- бе-Атырау-Астрахань» тасжолының 27 шақы- рымы) және Мұғалжар ауданындағы Елек ауылының маңында. Бірақ жол ашық, көлік- тер жүріп жатыр. Сонымен бірге Қобда ауда- нында көпірді су басып, Жарық ауылына апа- ратын жол жабылды. Байғанин ауданындағы Миялы, Оймауыт, Қобда ауданындағы Өтек, Жарық, Қоғалы, Ойыл ауданындағы Ақшатау, Көптоғай, Мұғалжар ауданындағы Бұлақты, Құмсай ауылдарына баратын жолдарды су шайып кеткендіктен, осы ауылдарда тұратын 3641 адам (939 түтін) ауылдан шыға алмай отыр», – делінген ресми хабарламада.

Су тасқыны тек ауылдықтарды ғана емес, Ақтөбе қаласының тұрғындарын да біраз әбігерге салды. Су тасқыны қаупі бар кезең басталғаннан бері Ақтөбеде саяжайдағы 119 үйді су басқан, бір үй су тасқыны салдарынан

қираған. Облыстық төтенше жағдай департа- менті берген дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда саяжайлардағы 15 үй су астында қалып отыр.

«Су тасқыны кезеңі басынан бері 315 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді, оның ішін- де 138 бала бар, сонымен қатар өз өтініштері бойынша тасқыннан зардап шеккен 95 адам мектептерге орналастырылды, оның ішінде 24-і – балалар», – делінген құзырлы органның ресми хабарламасында. Негізінен бұл Ақтөбе қаласындағы Жіңішке және Песчанка өзен- дерінің жайылмасында орналасқан саяжай үйлері.

Үйлерін су басқан тұрғындарды көшіру үшін қаладағы мектептерде 4 эвакуациялық алаң дайындалған.

– Облыс аумағында 8 өзен бар. Олар- дың алтауы қар суымен толығады. Әсіресе Жіңішке, Песчанка өзендерінің маңындағы үйлерге қауіп төнді. Адамдар дер кезінде құтқарылды. Әзірге адам өміріне қауіп жоқ. Құтқару жұмыстарына 509 адам мен 249 тех- ника тартылды. Жіңішке өзенінің деңгейі біре- се көтеріліп, біресе түсіп тұр. Оған күні-түні бақылау бригадалары қойылды. Алдағы ап- тада судың беті қайтып, жағдай тұрақталады, – дейді облыстық төтенше жағдайлар депар- таментінің бастығы М.Аманбаев. Қазіргі таңда су кірген үйлердің іші мен ауласын судан та- зарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, қала аумағындағы Сазды, Жіңішке, Елек, Қарғалы өзендерінің тасуынан, сондай-ақ қар суының еруі салда- рынан бірқатар саяжайларды, үйлердің аула- ларын су басты.

Ақтөбедегі жаңа аудандар – Батыс-2 мен Есет батыр атындағы тұрғын үй алабының көшелері де суға толды. Батыс-2 шағын ау- данындағы су толы арыққа оқушы қыздың батып кете жаздағаны әлеуметтік желілерде

жарияланды.

– Осы жағдайға байланысты қала бойын-

ша бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Су тасқынына қарсы дайындық болды, бірақ Құдайдан күшті емеспіз, күтпеген жерден бір сағатта Батыс-2 шағын ауданындағы бірне- ше көше суға толды. Арыққа түсіп кеткен қыз бала қазір үйінде. Ішінара су басқан Өрлеу, Қурайлы, Ақшат елді мекендеріне арнайы техникалар жіберілді, – деді қала әкімі ертеңі- не өткізілген баспасөз мәлихатында.

Облыс аумағында су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда дереу әрекет ету үшін жалпы саны 1 161 адам, 414 бірлік техника, 78 жүзу құралы, 251 мотопомпа азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралда- ры дайындалып қойылды. Жалпы 14 мыңнан астам адам сиятын 84 уақытша орналастыру пункті, 30 шатыр, 1000-нан астам жатын-орын және 2000 төсек-орын жабдықтары дайын- далды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин су тасқынынан зардап шеккен бірде бір облыс тұрғыны көмексіз қалмайтынын айтты. Аймақ басшысы арнайы өткізген жиында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, Ақтөбе қаласының әкімі, аудан әкімдері (онлайн түр- де) тасқынға қарсы жүргізіліп жатқан жедел жағдай туралы баяндады. Облыс әкімі ері- ген суларды жедел соруды жалғастыруды, су басқан үйлер мен инфрақұрылымдарды қал- пына келтіруді тапсырды.

Облыс әкімі сондай-ақ, эвакуацияланған азаматтарға тиісті жағдай жасауды, су тасқы- нын үнемі мониторинг жүргізіп, бақылап оты- руды, орын алған жағдайға сол бойда әрекет етуді тапсырды.

Ермек САХАРИЕВ
07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 111
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 147
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 145
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 111
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 256
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 259
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 470
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 431

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735