Аудармашы – екі мәдениет арасындағы «алтын көпір»

Аудармашы – екі мәдениет  арасындағы «алтын көпір»

Шаңырақ көтергеніне 80 жылдан асқан біздің университетіміз мемлекетіміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі. Тарихи кеңестік кезеңнен шаңырақ көтерген оқу орны бүгінгі күнге үлкен жетістіктерімен келді. Сол кезден шет тілдерін меңгеруге деген халықтың ықыласы ерекше еді. Бұл ең алдымен осы оқу орнында ерен еңбектері, біліктіліктері арқылы университет беделін көтеріп, абыройын асқақтатып келе жатқан университетіміздің профессорлық-оқытушылар қауымының арқасы.

Еліміз тәуелсіздігін алған сәттен бастап, біздің университетіміздің дамуының жаңа кезеңі басталды. Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде бүгінгі күні 17 шет тілі оқытылады. Университетімізде бүгінгі нарықта сұранысқа ие біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін барлық жағдай жасалған. ҚазХҚ және ӘТУ-ді бітірген мамандар қазір еліміздің барлық салаларында еңбек етеді. Университетімізде 7 базалық факультет жұмыс істейді: аударма және филология факультеті, педагогикалық, менеджмент және халықаралық коммуникация, халықаралық қатынастар, шығыстану, қосымша білім беру мен экономика және құқық факультеттері. Бұл факультеттердің барлығында жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар жұмыс істейтінін мақтанышпен айтамыз. Бір ғажабы біздің университетті бітіргендердің дені (85%-дан жоғары) тез жұмысқа орналасып кетеді.

Әрине, университетіміздің заманауи ерекшеліктерін, төрткүл әлемдегі жоғары беделін айта берсек, ол көшқұлаш мақалаға жүк болатыны сөзсіз. Біз енді өзіміз еңбек ететін Аударма және филология факультетінің шет тілдері сөйлеу тәжірибесі кафедрасының тыныс-тіршілігіне тоқталып кеткіміз келеді. Аталмыш кафедра «Аударма ісі» мамандығы бойынша елімізге болашақ аудармашыларды даярлайды. Кафедраны PhD, қауымдастырылған профессор А.М.Куркимбаева басқарады. Кафедрада филология ғылымдарының кандидаттары – Ұ.М. Жампейіс, Р.Б.Жусупова, аға оқытушылар мен аударма магистерлері, яғни жас мамандар еңбек етеді.

Кафедрамыздың тыныс-тіршілігі, оқытушылар мен студенттердің өзара тынымсыз жасап жатқан игі істері сырттағы біздің өмірімізден бейхабар жандарды, әсіресе аударма ісін үйренуге ықыласты жастарымызды қызықтыратыны сөзсіз. Кафедра жыл сайын өзінің оқу базасын жаңа оқулықтармен толықтырып отыруды қолға алған. Алдыңғы оқу жылында кафедра қоржыны 2-курс студенттеріне арналған екі оқулықпен толықты. Бұл оқулықтардың шығуында кафедра меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор А.М.Куркимбаева жетекшілік етсе, г.ғ.м. В.К.Зырянов, тіл білімі магистрі З.А.Егембердиева, М.А.Қанатбаева, Ж.Е.Такенова т.б. көп еңбек етті. Бұл оқулықтар заман талабына сай тақырыптармен толықтырылған.

Кафедра жыл сайын «Теңізшевройл» ЖШСкомпаниясының кәсіби аудармашыларымен кездесу ұйымдастыруды жақсы жолға қойған. Былтырғы оқу жылында студенттер А.Р.Ауесхан және «Астана Строй-Проект» ЖШС А.Х.Саидваккасовамен кездесіп, аударма қызметінің ерекшеліктерімен танысты. Аудармашылар студенттердің сұрақтарына жауап берді. Бұл да өмірлік тәжірибе негізінде атқарылған келелі әдіс, әңгіме болатын. 

2022-2023 оқу жылында университетіміздің түлегі, «Теңізшевройл» компаниясының кәсіби аудармашысы Аханов Асқармен кездесу ұйымдастырылды.

Аударма және филология факультетінде аударма саласында жүрген мамандардың студенттерге дәріс беруі де үлкен жетістік деп санауға болады. Әлемнің бірнеше тіліне аударылған Дж.К.Роулингтің Гарри Поттер романдар сериясының бірнеше кітабын ағылшын тілінен қазақ тіліне аударған С.ҚМұхамедиярмен ұйымдастырылған кездесулер болашақ аудармашылар үшін үлкен тәжірибе.

Факультетімізде жыл сайын ұйымдастырылатын «Аударматану мен филологиядағы мәдениетаралық коммуникация мәселелері» тақырыбында студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы шәкірттер өмірінде зор із қалдырды. Ғылыми жетекшілер студенттердің ғылым әлеміне енулеріне өз үлестерін қосып келеді. Кафедрада «We translate» студенттік үйірмесі жұмыс істеуде. Үйірмеде студенттер аударманың қыр-сырымен танысады. BBC, Astana Timesсекілді ақпараттық порталдардың материалдарын аударумен машықтанады.

«Аударма ісі» бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында сапалы білім дәрежесін көрсеткен студенттеріміз жыл сайын шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігіне ие болып отырғанын да болашақ абитуриенттерге айтып кеткіміз келеді. Батырова Сарвиноз атты студентіміз бүгінгі күні SDI München университетінде білім алуда. Испания мемлекетінде орналасқан Виго университетіне де студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім ала алады. Аудармашылар екі мәдени көпірді байланыстырушы тұлғалар екені көпке мәлім.

Кафедра ұйымдастырып отырған кездесулер, жүздесулер, бірлескен саяхаттар, көркем фильм, спектакльдер тамашалау секілді іс-шаралар студенттер өмірінде әлемнің рухани байлығын тануларына үлкен сүбелі үлесін қосады.

Студенттер еліміздің ұлы тұлғаларына арналған іс-шаралардан да қалыс қалмады. Елімізге еңбегі сіңген тұлғалардың өмірімен, шығармашылығымен танысу жастар үшін өте қызықты да тағылымды. Ж.Жабаевтың 175 жылдығы, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы; Д.А.Қонаевтың 110 жылдығы, ұлт ұстазы Ахмет секілді іс-шараларға студенттер ынталана қатысты.

Шетел тілдері сөйлеу тәжірибесі кафедрасы оқытушылары студенттерге білім берумен қатар оларды қызықты студенттік кезеңнің сәтін тамашалауларына да өз үлестерін қосып келеді. Оған куә кафедрамыз бірлесе ұйымдастырған Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттерінің қатысуымен Уильям Шекспирдің туған күніне арналған әдеби қонақ бөлмесіндегі кездесу іс-шарасы болды. 1 және 2-курс студенттері Шекспирдің соннеттерін қазақ тіліне поэтикалық аудару, пьесаларынан көріністі ағылшын тілінде қоюдан, соннеттерін оқудан сайысқа түсті. Студенттер ағылшын және қазақ тілінде ән салып, аспаптарда ойнап өнерлерін көрсетті. Қорытындылай келе, біздің кафедрамызда атқарылып жатқан іс-шаралар шынайылығымен студенттердің өмірлерінде айшықты із қалдырады. Студенттік өмірді қызықты да мәнді өткізуде жоғарыда өткізілген іс-шаралардың игі ықпалы зор екенін атап өтуіміз керек.

Сөзіміздің соңында аударма ісінің қыр-сырын үйренгісі келетін, болашақта түрлі салалар бойынша отандық және халықаралық компанияларда аудармашы болып қызмет етуді және білікті маман болуды армандайтын білімге құштар талапкерлерді Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алуға шақырамыз. Ең бастысы бұл жерде ұстаздар мен шәкірттердің бір-бірімен өзара қатынасы ерекше екендігін баса айтқымыз келеді. 

А.М.КУРКИМБАЕВА, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, шетел тілдері сөйлеу тәжірибесі кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры, PhD Н.Е.АЙҒАЛИ, филология ғылымдарының магистрі, оқытушы
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 329
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6433
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8045
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6512
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6649