Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар

Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар

Ауыл аманаты – ел аманаты» атты «АMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Ардагерлер кеңесі» РҚБ, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» журналының бірлескен экспедициясы Батыс Қазақстан облысында

 

«Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициясы аясында Батыс Қазақстан облысында болған «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы аудандарды аралау барысында «Тұңғыштар мекені» деген атауға ие Бөкей ордасы ауданына қарасты Хан ордасы ауылына арнайы ат басын бұрды.

 

 

Рухани кеште бас қосты

 

Сәуле Мешітбайқызымен бірге келген «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның Бас директорының көмекшісі, алматылық әріптесіміз Нұргүл Дарханқызының тарихи мекенге жолсапарын Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Жаннұр Ахметов бастап барды.

Облыс орталығынан 550 шақырым қашықтықта орналасқан Хан ордасы – шежіресі мол тарихи нысандар орналасқан киелі мекен. Кіші жүзде билік құрған Нұралы ханның ұлы Бөкей ханның Еділ мен Жайық арасында іргесі қаланып, кейін оның ұлы Жәңгір хан атағын аспандатқан Ішкі қазақ ордасының астанасы болған жер бұл. Киелі жерге табаны тиген меймандарды аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев, Орда ауылдық округі әкімі Әлібек Айтқалиев және ханордалықтар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Бұдан соң ауылдағы мәдениет үйінде ардагерлердің, ұстаздардың, мәдениет саласы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Тұрғындармен жүздескен Сәуле Мешітбайқызы бұл ауданға жиырма жылдай уақыт бұрын келгенін айтып өтті.

– Бұл – менің Бөкей ордасына екінші сапарым. Алдын ала жоспарлап жүріп, осы жолы сәті түсті. Кездесуге жиналғандарыңызға рақмет. Сіздер арқылы бұл сапарымыздың мақсатын басқалар да естиді деген ойдамын. Осындай жасқа келіп, ел аралап, өмірден көрген-білгенімді ел-жұртыммен бөлісейін деп жүрген аналардың бірімін. Әрине, еліміз алтын құрсақты аналардан кенде емес. Сіздердің де талап-тілектеріңізді, ой-пікірлеріңізді тыңдауға дайынмын, – деп, сөзін бастады ел анасы.

 

 

Өз сөзінде газет басшысы халықаралық мәртебесі бар «Qazaqstan dauiri» басылымының ұстанатын бағыт-бағдары, дәстүрлі «Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициясының өңірлерді аралаудағы мақсаты, қазақ баспасөзінің бүгінгі жай-күйі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар: «Ата-бабамыз өзінің ұрпағын «ұят, обал, сауап» деген үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Қыз бен ұлдың тәрбиесін ауыл болып қолға алатын еді. Ал қазір ұялы телефонның «құлы» болып алдық» деп, ел ішіндегі суицид, ерте жүктілік, лудомания, ажырасу, ұялы телефонның тигізер зардабы сынды өзекті мәселелерге де тоқталды. Ауыл-аймақтардың бүгінгі ахуалын да тілге тиек етті.

Ел анасының сөзін ұйып тыңдаған ханордалықтар да өздерінің ішкі толғаныстарын жеткізіп, ойларымен бөлісті. Жас ұрпақ тәрбиесіне, елдің болашағына, отбасы құндылығына қатысты пікірлерін білдірді.

 

 

 

Жоба аясында кәсіп көздері ашылуда

 

Экспедицияның басты мақсаты – өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстарды көрсету болғандықтан, Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімінен «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы мәлімет сұратқан едік. Нәтижесінде төмендегідей ақпаратпен бөлісті.

Ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру, кеңінен тұрғындарға насихаттау, сондай-ақ бөлінген несие қаржыларды тиімді пайдалану мақсатында аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың өткен жылғы өкімімен барлық ауылдық округтерде жобалық кеңсе құрылған. Құрылған жобалық кеңселер аудан және әр округтің өз ерекшелігіне сәйкес мамандану жұмыстарын атқарып, жобалардың іске асырылуын бақылауда ұстап келеді. 2023 жылы ауданға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 309 млн теңге қаражат белгіленіп, алпыстан астам адам  305,1 млн теңге болатын несиемен қаржыландырылған. Атап айтқанда, бір тұрғын өсімдік шаруашылығы бойынша жобасын іске асыруға 5,9 млн теңге алса, тағы бір бөкейордалық асхана жабдықтарын алу үшін  8,3 млн теңге иеленіпті. Бөкей ордадағы негізгі кәсіп мал шаруашылығы болғандықтан, несие алуға ниет білдірген тұрғындардың басым бөлігінің жобасы аталған салаға бағытталған екен. Айталық, 39 адам 347 бас тауарлық сүтті ірі қара малын сатып алуға – 191,2 млн теңге, бір адам екі бас асылтұқымды, сүтті ірі қара сатып алуға – 1,2 млн теңге, төрт адам 42 бас ірі қараны бордақылауға – 13,0 млн теңге, 23  адам 1388 қой сатып алуға 85,8 млн теңге көлемінде несиелерін алып, өз кәсіптерімен шұғылданып жатқанын білдік. Былтырғы жылы несие алған 69 адамның бесеуінің несие қаржыларын мерзімінен бұрын өтегені де қуантарлық жағдай.

 

Ал биыл бұл ауданға «Ауыл аманаты» бойынша 308,0 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылыпты. Жыл басында ауыл шаруашылығы басқармасымен және «Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен келісілген түрде нақты 45 жоба нақтыланып, 247,9 млн теңге болатын 43 жобаның қажетті құжаттары толықтай тапсырылған. Бұл жердегі кәсіп түрлерінің 25-і мал шаруашылығына, үшеуі өсімдік шаруашылығына, төртеуі тауық өсіруге, 11-і тұрмыстық қызмет көрсетуге бағытталған. Бүгінде 39183,0 млн теңге болатын несие қаржысы жеті тұрғынның қолына тиген. Оның ішінде екі жоба мал шаруашылығымен, бір жоба құс шаруашылығымен, екі жоба өсімдік шаруашылығымен, бір жоба тұрмыстық қызмет көрсетумен байланысты. Тағы 30 жоба мақұлданса мал және құс шаруашылығы, кәсіпкерлік бойынша кәсіп көздері ашылады деп күтілуде.

Музей-қорығындағы экскурсия

Сапар барысында Сәуле Мешітбайқызы Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығына бас сұғып, мұндағы тарихи жәдігерлермен танысты. Аталмыш музей директоры Ғайса Махимов қонақтарды қарсы алса, ал экскурсия бөлімінің басшысы Гүлмира Елемесова үлкен кешендегі музей үйлерін аралатып, Бөкей ханнан бастап, оның ұрпағы, Жәңгір ханның  көптеген тарихи тұлғалар, тарихи оқиғалар туралы деректерді баяндап, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

2017 жылы «Қазақстанның жүз киелі нысанының» қатарына қосылған кешенді аралап, «Тұңғыш қазақ баспаханасы», «Бөкей ордасы тарихы», «Хан сарайы», «Халыққа білім беру» музейлерін, ақын Ш.Бөкеевтің әдеби-мемориалдық музейін, мемлекет және қоғам қайраткері С.Меңдешев пен қазақтың қайсар қызы А.Оразбаеваның мемориалдық музейін өз көзімізбен көрдік. Көптеген құнды жәдігерлер топтамасы да ерекше назар аудартты. Жәңгір ханның құдығынан ішкен судың дәмі де ерекше екенін айтпасақ болмас.  

Түйін: Хан ордасы ауылына сапар барысында қазақ тарихында орны ерекше Жәңгір ханның, этнограф ғалым Мұхамед-Салық Бабажановтың, күйші Дәулеткерей Шығайұлының кесенелеріне зиярат еттік. Осылайша қазыналы жерден рухани күш-қуат алып, облыс орталығына жолға шықтық.

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Орал-Хан ордасы-Орал

 

 

Кездесу барысындағы Хан ордасы ауылы тұрғындарының ой-пікірлері:

Ажар Балабасова, Мәдениет үйінің әдіскері:

– Мені де ана ретінде әскердегі оқиғалар, телефонға тәуелділік, ана тілін білмейтін ұрпақтың жағдайы алаңдатады. Әсіресе, тіл мәселесіне тоқталғым келеді. Кеңес Одағы кезінде де бұл жерде кеңсе қағаздары қазақ тілінде жүргізілген. Содан бері қаймағы бұзылмаған ауыл, аудан десек те болады.

Гүлбанат Искакова, мектеп мұғалімі:

– Менің ойымша, отбасындағы тәрбиенің осалдығы ер-азаматтың беделіне байланысты. Әкенің тәрбиесі кемшін. Мектепте санаулы сағатын өткізетін бала негізгі тәлім-тәрбиені отбасынан алады. Ата-ана үйде көп жағдайда балаға көңіл бөлмейді. Түнгі уақытта бала көшеде жүріп, бір келеңсіздікке ұрынса, оның бір шеті мектепке де тиеді. Негізінен, түнде баланы ата-ана қадағалауы керек. Бала сабақ оқымайды деп жатамыз. Бұл жерде ұялы телефонның да әсері бар шығар, оған қоса үйде де бақылауды күшейту керек. Сондай-ақ мектеп бағдарламасына оқушыны еңбекке тәрбиелейтін пән енгізілуі керек деп ойлаймын.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал
30.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 26
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 54
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 46
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 21
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 51
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 54
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 51
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 48
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 55
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 45
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 53
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 51
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 279

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9288
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8683
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11911
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9685
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10892