Көктем мезгілі кешігіп жеткен Батыс Қазақстан облысының бірқатар елді мекендерінде су тасқыны орын алып, төрт ауданда төтенше жағдай жария- ланған болатын.
Бірнеше күннен бері «қызыл судың» әлегін көрген батысқазақстандықтардың үрейге бой алдырғаны жасырын емес. Әлеуметтік желілерге тарап кеткен баспаналарын су басқан тұрғындардың жағдайы да елді елең еткізді. Статистикаға көз жүгіртсек, қар- дың күрт еруі мен ауа температурасының көтерілуі салдарынан облыс аумағында 140 тұрғын үй мен екі әлеуметтік нысан суға кеткен. Тұрғындардың 168 бас малы шығынға ұшыраған. Республикалық, облыстық маңызы бар және жергілікті жолдарды су шайып кету оқиғалары да орын алды.
Төтенше жағдай департаменті баспасөз қыз- метінің мәліметінше, суға кеткен үйлерден 762 тұрғын (оның 219-ы бала) қауіпсіз аймаққа көшірілген. Өңірімізге Маңғыстау және Атырау облыстарының ТЖД күш-құрылымдары көмекке келді. Сонымен қа- тар жергілікті атқарушы орган, Полиция департаменті, Шекара қызметі де бұл жұмыстарға атсалысуда. Су тасқынының тигізген зардабын қалпына келтіру, та- сқын суға тосқауыл қою шараларына облыс бойынша 600-ге жуық адам мен 134 техника жұмылдырылуда. Еріген қар суын сорғызу жұмыстары жүргізілуде.
Сәйкесінше БҚО Төтенше жағдайлар департа- ментінде жедел штаб құрылды. Жедел желі іске қо- сылып, қоңырау шалған азаматтарға ақпараттық және психологиялық қолдаулар көрсетілуде. Ауыл- дасын демеуге дайын ағайын су басқан елді мекен- дердің тұрғындарына гуманитарлық көмектер көр- сетуде. Дейтұрғанмен қауіп сейілді деуге әлі ерте. Облыс аудандарындағы жағдай қатаң бақылауға алынды. Облыс орталығы – Орал қаласы маңындағы су басу қаупі бар бау-бақша серіктестіктері тұрғын- дарына жаднамалар таратылып, қауіптің алдын алу шаралары жүргізілді.