Баспасөз хабарламасы
Алматыда әкенің берік әрі бақуатты отбасы құрудағы рөлі талқыланады
2026 жылғы 19 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия «Болашақтағы әкелер: тең қатысу – берік отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Іс-шара Қазақстанда маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Әкелер күніне орай ұйымдастырылады.
Дөңгелек үстел аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар бас қосып, қазіргі заманғы әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі мен отбасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылайды.
Кездесудің негізгі тақырыбы – жауапты әкелік. Ол баланың амандығы мен жан-жақты дамуының, гендерлік теңдіктің және қоғамның орнықты дамуының маңызды факторларының бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінде әке – тек отбасының қорғаны мен асыраушысы ғана емес, сонымен қатар бала тәрбиесіне белсенді қатысатын, балаларға қамқорлық жасау жауапкершілігін бөлісетін және олардың эмоциялық әрі тұлғалық дамуына елеулі үлес қосатын тұлға. Белгілі бір қанатты сөзде: «Әкенің балалары үшін жасай алатын ең жақсы ісі – олардың анасын сүюі» делінген. Бұл ой өзара құрметтің, ынтымақтастықтың және екі ата-ананың да бала өміріне саналы түрде қатысуының маңыздылығын айқындайды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ата-аналықтың заманауи тәсілдерін, отбасындағы міндеттерді бөлу мәселелерін, ер азаматтардың бала тәрбиесіне белсенді араласуының баланың дамуына ықпалын, сондай-ақ отбасыларды қолдаудың тиімді тәжірибелерін талқылайды.
Іс-шараның ерекшелігі – ашық пікірталастарды, тәжірибе алмасуды және практикалық белсенділіктерді қамтитын интерактивті форматта өтуі. Мұндай тәсіл қатысушыларға ата-аналыққа әртүрлі қырынан қарауға және ата-аналардың ортақ жауапкершілігінің балалар үшін қолайлы орта қалыптастыруға қалай ықпал ететінін талқылауға мүмкіндік береді.
Өтетін күні: 2026 жылғы 19 маусым
Уақыты: сағат 10:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42к10, Best Western Plus Atakent Park Hotel қонақүйі, 1-қабат, «Ұлытау» конференц-залы.














