Депутаттық сауал!

Депутаттық сауал!

 

Қазақстан Республикасы 

Премьер-Министрінің

орынбасары Алтай Көлгінов мырзаға

 

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 

Құрметті Алтай Сейдірұлы! 

 

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы бір сөзінде, «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде» деп қадап айтқан.  Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту Amanat партияcының сайлауалды бағдарламасында да маңызды орынға ие. 

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 3589 заң қабылданып жұмыс жасап жатыр. 30 жылдың ішінде қазақ тілі мемлекеттік тіл болғанымен заты мемлекеттік бола алмады. Заң жобасы орыс тілінде  әзірленіп қазақ тіліне аударылатыны жасырын емес. Осы күнге дейін қазақ тілінде тек екі заң жобасы әзірленіп, қабылданған. Атап айтсақ, Тілдер туралы, Көші-қон туралы заңдар ғана.  Заңның қазақ тіліндегі мәтініне қатысты сын-пікірлер халық арасында өте көп. Соның бірі заң терминінің бірізділігінің сақталмауы. 

Мемлекеттік тілдің аясындағы кешенді проблемалар қазақстандық құқық жүйесі кеңістігінде бір-бірімен сабақтасып, ұштасып соның салдарынан түйткілді мәселелер туындауда.

Қазақ және орыс тілдері құрылымы тұрғысынан әр түрлі тілдік топтарға жатады. Заң шығару процесінде осы ерекшеліктер ескерілмесе, мәтіндердің мағыналары бұрмаланып мәні өзгереді. Бұл жоғарыда аталған сөзбе-сөз немесе калька аударманың әсері. Бұндай кемшілікке жол беруге әсте болмайды. 

Сондықтан, бірінші кезекте заң жобасы қазақ тілінде талқыланып, қабылдануы керек! 

Қазақ тіліндегі терминқорды қалыптастыруда орын алып жатқан кемшіліктерді уақтылы түзетіп, термин шығармашылығын үздіксіз дамытып, жетілдіріп, терминологиялық жұмыстарды бір орталықтан үйлестіріп, кәсіптік деңгейде жүргізгенде ғана жүйеленген ұлттық терминологиялық қор қалыптасатыны ақиқат.  Әсіресе, заңнама терминологиясына келгенде абай болғаны абзал. 

Бүгінде қазақ тілі терминдерінің бірыңғай электрондық базасында 380 мыңнан аса термин орналастырылған болса, оның ішінде заңтану саласында 11139 термин бекітілген

Сол терминдердің өзі жиі өзгеріске ұшырайды. 2000 жылдарда бекітілген терминдердің жартысына жуығы 20 жылдарда қайта жаңартылған. Бір ғана мысал,  «обращения» деген ұғым Конституцияда «өтініш» деп айқындалып, қолданыстағы  барлық заңнамаларда солай көрініс тапқан. 2022 жылы Мемтерком ол ұғымды жаңалап «жолданым» деп бекіткен. Сөйтіп, 2022 жылы қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте, Конституциялық Сот туралы заңда «жолданым» термині енген. Мұндай өзгерістер бұрынғы қолданыстағы заңдардың мәтінімен мүлде бірізді, аутентикалы бола алмайды.

Заң тілі нақтылықты қажет етеді. Мысалы, «постоянное местожительство», «тұрғылықты жер», «тұрғылықты мекен»;  «недвижимое имущество», «жылжымайтын мүлік», «қозғалмайтын мүлік» деген баламалар Конституциядан бастап барлық қолданыстағы заңнамаларда кездеседі. Өздеріңіз көріп отырғандай, бір заңның ішінде бірізділік сақталып отырған жоқ. Туынды заңдарда да жағдай осылай.  

Заңтануда терминдік даралық сипат алған сөздер мен сөз тіркестерінің қызметі айқындалып, олардың заң өміріндегі  өрісі анықталып, тұрақтануы керек. 

Әрі қисыны келсін, келмесін халықаралық терминдерді қалайда қазақшалауға тырысқанымыз тағы бар. 

Аударма терминдердің сырын, болмысын аша отырып, қазақ тіліндегі заңнамалардағы жеке сөздер мен сөз тіркестерінің контекстегі қызметі мен жеке тұрғанда білдірер мағынасын жете түсінбей тұрып, бірден аудару салдарынан кетер кемшіліктерге, заңнама мәтініндегі бірізділікке қатысты олқылықтарға баса назар аудара келе қордаланған мәселені шешудің жолын іздестіру керек.

Сондықтан бірінші, қазақ тіліндегі барлық құқықтық нормативтік актілердің түп мәтініндегі терминологиялық қолданудағы бірізсіздікке, алуандылыққа ревизия жүргізу.

Екінші, мәнмәтіндік қолданыстың үйлесімділігін, сөйлемдердің ішіндегі түрлену ерекшеліктерін анықтау.

Үшінші, жасалған жұмыстардың нәтижесін сұрыптап, жүйелі анализден өткізу.  

         Сондай-ақ атап айтар маңызды тұс, ревизия нәтижесінде қолданыстағы заңнамаларда анықталған қордаланған сәйкессіздіктерді жоюдың бір реттік жолын қарастыру керек.

          Депутаттық сауалға заң талабына сәйкес, нақты жауапты жазбаша түрде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне жолдауыңызды сұраймыз.

 

 

Құрметпен, 

Қазақстан Республикасы 

Парламент Мәжілісінің депутаттары,

«AMANAT» Партиясы

Фракциясының мүшелері                                              Үнзила Шапақ,  Жарқынбек Амантай

16.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8772
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8172
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11401
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9155
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10386