Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының бас менеджері, жас маманНұржан Бижомартұлының көлемді мақаласы «Scopus»-та ағылшын тілінде жарық көрді.
Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетелік, «Scopus» – ғалымдардың есімін дүниежүзілік ғылым әлемінде танымал етудің басты критерийлерінің бірі. Сондықтан, ғылым қуғанәрбір адам өз саласындағы позициясын нығайтуүшін, әрі рейтингісін көтеру мақсатында ол жердежариялануға ынтазар.
Соңғы мәліметке жүгінсек, бұл базада 25 100 астам басылымда жарық көрген 77,8 млн шығарылым индекстелген көрінеді, бұдан басқа әртүрлі конференцияларда сөйленген 9,8 млн баяндама мен 44 млн патентті табуға болады екен.
Бірден айту керек, жариялану да оңай шаруа емес.
Нұржан Сейсенбек ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген маман. Әріптесіміздің «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген аралас оқытудың бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілі бойынша үлгеріміне және ағылшын тілі сабағына қатынасына әсері» мақаласы күллі әлемге мәшһүр аталмыш бірыңғай библиографиялық және реферативтік базада тегін басылды.
Мақаланың мазмұнын қысқаша айтып беруді өтінгенімізде Нұржан Бижомартұлы былай деп жауап берді: «Зерттеудің мақсаты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және бастауыш мектепте ағылшын тілі курстарында дәстүрлі оқыту әдістерін қолдана отырып, аралас оқу бағдарламасының әсерін салыстырмалы зерттеу болды».
Зерттеу бақылау тобымен алдын ала тестілеуден кейінгі эксперименттік үлгі бойынша жүргізілді. Қазақстандағы бастауыш мектепте 4-сыныпқа баратын 60 бастауыш сынып оқушыларының (30 эксперименттік және 30 бақылау) қатысуымен өткізіліпті.
«Зерттеу барысында эксперименттікпроцедураны бастамас бұрын бақылаутоптарынан алдын ала тест алынды. Алдын ала тест ретінде ағылшын тілінен академиялықүлгерім шкаласы мен бір пәнге қатынасықолданылды. Эксперименттік топ компьютер көмегімен аралас оқытуды пайдаланса, бақылаутобы дәстүрлі оқытуды пайдаланды. Эксперименттік қосымшалар сегіз аптағасозылды.
Зерттеу барысында тәжірибелік жәнебақылау топтарына пост-тест ретінде бірдейшкалалар қолданылды. Тесттен кейінгі екіаптадан соң екі топқа да есте сақтау сынағыретінде ағылшын тілін орындау сынағы берілді. Зерттеу нәтижелері бойынша эксперименттіктопта қолданылатын аралас оқытудыңкомпьютерленген қосымшасы ағылшын тіліндежоғары нәтижелерге қол жеткізуге, оң көзқараспен оқуды тұрақты етуге мүмкіндік берді», – деді ол. Біз жас ізденушіге табыс тілейміз.