Кәсіпкерлік саласында іскер әйелдер үлесі басым

Кәсіпкерлік саласында іскер әйелдер үлесі басым

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов әлеуметтік бизнес саласында жүрген бір топ іскер әйелдермен кездесті. Өңір басшысы ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп, қоғамның ілгерілеуіне аянбай үлес қосып жүрген нәзікжандылардың еңбегін айрықша атап өтті. Расында да, облысымызда кәсіп ашып, дөңгелетіп отырған іскер әйелдер саны артып келеді. Бүгінде олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің 40 пайызына жауапты. – Біздің облыста нәзікжандылардың жетекшілігімен кәсіпкерлікті жүзеге асыру ерлерден кем түспейді. Өңірдегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 100 566 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 136,6 пайызға өсті. Әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 48 мың адамға тең. Бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың 30 пайызын құрайды. Әйелдердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, олардың экономикалық жағдайын жақсарту – гендерлік теңдікті қамтамасыз ету тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл ауыл мен қала халқының әл-ауқатын арттырумен тығыз байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, әйелдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде жетекші рөл шағын кәсіпкерлікке тиесілі. Өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігі саласында атқарылған сапалы жұмыстар әйелдердің мүмкіндіктері мен құралдарын одан әрі арттырады деген сенімдемін, – деді Нұржан Молдиярұлы. Аймақ басшысы облыстық іскер әйелдер қауымдастығының да жемісті жұмысына тоқталып, игі істеріне жергілікті әкімдік тарапынан қолдаудың үзілмейтінін мәлімдеді. Кездесуде сөз алған «Өшпес мұра» қолөнершілер қауымдастығының төрайымы Гүлнар Абдуллаева мемлекеттен грант алу мәселесіне ерекше тоқталып, көкейінде жүрген сауалын қойды. «Біз осы уақытқа дейін туризм басқармасымен бірлесіп, жұмыс істеп келеміз. Бірақ біздерді, қолөнершілерді мәдениет басқармасына тіркеуді сұраймыз. Өйткені, ұлттық өнеріміз, дәстүрді дамыту бағытындағы жұмыстарымыздың барлығы осы басқармаға қарауымызды, бірлесе жұмыс істеуімізді қажет етеді», – деді ол.  Ал, «Айна- Line» ұтымды өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы өзі тұратын аумақта орналасқан «Көктал-2» каналына қатысты мәселе көтерді. «Каналдан аққан су тұрғындардың мазасын алып, бау-бақшаны, қора-қопсыны бүлдіреді. Осы мәселені қанша рет көтерсек те нәтижесіз. Осыны өзіңіз назарға алсаңыз екен», – деді.  Кездесуде бұдан өзге жастардың кәсіп бастауына қатысты, мемлекеттік гранттардың бөлінуі, оны иеленіп отырғандардың шын мәнінде бизнес бастау, бастамауына қатысты, оған қойылатын талаптарға байланысты бірнеше ұсыныс, пікірлер айтылды. Облыс әкімі аймақта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту ісін жетілдіре түсу қажеттігін, ауылдық аймақтарда мемлекеттік бағдарламалардың пайдасын, өзге де көмек түрлерін алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жауапты мамандарды осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп, бірлесе еңбек етуге шақырды.  

Гүлжан РАХМАН, aqjolgazet.kz
25.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 84
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 196
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 414
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 377
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 996

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9072
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8470
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11696
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9459
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10676