Күш құрылымдарының қауқары күшейтіледі

Күш құрылымдарының қауқары күшейтіледі

Мәжілісте қаңтар оқиғасында зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілерін қолдауға бөлінетін қаражаттың мөлшері нақтыланғанын мәлім еткен ҚР Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева: «Бюджетті нақтылау аясында күш құрылымдарының жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыруға қосымша 441 млрд теңге қарастырылған. Атап айтқанда, қаңтар оқиғаларының салдарын жоюға және өтемақы төлеуге жалпы сомасы 4,1 млрд теңгеге қаражат бағытталатын болады. Бұл шығындар зардап шеккен техниканы, ғимараттарды жөндеуге және қалпына келтіруге бағытталады. Қазіргі уақытта қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қажетті жәрдемақы мен өтемақы төленді. Бұдан басқа, материалдық және тұрғын үй көмегін өңірлер көрсетеді. Күш құрылымдары өкілдерінің саны мен айлығын көбейтуге 92 млрд теңге бөлінбек. Барлық әлеуетті органдардың арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері үшін еңбекақы орта есеппен 20-дан 40 пайызға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, ІІМ, Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігінің арнайы көлік құралдарымен жабдықталған арнайы бөлімшелерінің санын арттыру жоспарланған. Материалдық-техникалық базаны толықтыруға 91 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде әскери-көлік авиациясы паркіне 15,5 млрд теңге бөлінді. Қабылданған шаралар қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, дағдарыс жағдайларына жедел ден қоюға және тұтастай алғанда күштік органдардың беделін арттыруға ықпал етеді»,  деді. Ал, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров: «ҚР Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға кепілдендірілген трансферт аясында күш құрылымдарының қауқарын күшейтуге 400 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді»,  деп мәлімдеді.

Ермек САХАРИЕВ
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5342
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5499
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20469
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19098
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22558