«Нұр» дәуірінің соңы аянышпен аяқталатын сынды

«Нұр» дәуірінің соңы аянышпен аяқталатын сынды

     Білікті сарапшылар: «Елімізде жаппай модаға айналған «Нұр» дәуірінің соңы «Нұрбанк» үшін аянышты аяқталатын сынды.  Олай деуге негіз де бар. Аталған банк өзі таратқан 80 миллиард теңгедей кредитін қайтара алмай отыр. 2021 жылды шағын табыспен аяқтаған банк, биыл ҚНРДА пруденциалды нормалары өзгерсе, қайтадан шығынға батуы мүмкін. Эльдар Сәрсенов «J.P. Finance Group» арқылы бақылайтын «Нұрбанк»-тің проблемалық кредиттерінің көлемі 81 миллиард теңгеге жетіп отыр. Пруденциалды нормалар бойынша оның жартысына пара-пар қаржыны, яғни 40 миллиард теңгені банк резерв ретінде ұстап отыруы тиіс. Бұдан былай мемлекеттің банктерге көмектеспейтінін ескерсек, биыл «Нұрбанк» үшін жағымсыз сигналдардың көбейгенін байқаймыз. Әзірге «Нұрбанк» аудиттелмеген есебі бойынша 2021 жылды 2,3 миллиард теңге таза табыспен аяқтады. 2020 жылғы 30 миллиард теңге шығынмен салыстырғанда, қандай да болсын кірістің түсуі акционерлердің көңілін бір демеген сияқты. Бірақ мұндай қуаныш ұзаққа созылмауы мүмкін. Банктің қайтарымсыз кредиттері 260 миллиард теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде 80 миллиард теңгесі нақты проблемалық деп есептеледі. 27,5 миллиард теңгенің кредиттері тәуекелдің екінші деңгейіне жатқызылды. Олар да артынан проблемалық несие ретінде танылуы ғажап емес. Халықтың «Нұрбанкке» салған депозиттері мен есепшоттарындағы қаржы сомасы 150 миллиард теңге. Ал заңды тұлғалардың банкте жатқан қаржысы 190 миллиард теңге көлемінде. Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік компаниялар «Нұрбанкте» көп ақша ұстамайтынын көріп отырмыз. «Даму» қорының 7 миллиард теңгесі, Қазақстанның даму банкінің 3 миллиард теңгесі ғана жатыр. Алда-жалда, қиындықтар туа қалса, мемлекетке «Нұрбанкті» құтқарудан гөрі жаба салу тиімді болмақ. Мұндай кезде, халықтың депозитін «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» өтейтіні анық. Ал мемлекет банктегі өз қаржысын бірінші кезекте өндіріп алатыны айтпаса да түсінікті. Бірақ бұдан банкте есепшот ұстап отырған ортанқол компаниялар зардап шегетін болады»,  – деген болжам айтады.

Ермек Сахариев
14.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779