Парламент Үкіметтің жұмыс істеуіне бөгет жасап отыр ма?

Парламент Үкіметтің жұмыс істеуіне бөгет жасап отыр ма?

Мәжіліс депутаттары қазіргі Үкіметті конституциялық сотқа бермек. Бұл туралы мәжілісмен Никита Шаталов өзінің телеграм каналында айтты. Бұған 16 қаңтарда төменгі палатаның қарауына ұсынылған «Ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері» туралы заң жобасы себеп. Құжатта ақпараттарға қатысты депутаттар әзірлейтін заңдарға Үкімет қорытынды беруі керек деп көрсетілген. Депутат Абзал Құспан бұл конституциялық заңға қайшы әрекет деп отыр. «Бұл заң жобасы заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінде үлкен сынға ұшыраған болатын. Неге? Не себепті? Бұл әдеттегідей заңдарға қайшы келсе бір жөн. Бұл жерде конституцияның нормасы бұзылып отыр. Атап айтқанда, 61-баптың 1-тармағында заң бастамасы Президентке, Үкіметке және Парламент депутаттарына тиесілі деп анық көрсетілген. Бүгінгі заң жобасын алып қарасақ, (17/2 бабын) депутаттардың заң шығару бастамасын шектеу тікелей көзделген. Президентіміздің «күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» деген формуласына негізделген бастамасына да тікелей қайшы келіп отыр. Бұл бастамаға сәйкес Үкімет Парламенттің алдында есеп беруі керек болса, бұл жерде керісінше, Парламент Үкіметтің алдында есеп беріп, оған бағынышты болмақ» дейді ол.

Ал депутат Ринат Зайытов: «Ақылдыны билегің келсе, ақымаққа қамшы беріп қой» деген жақсы сөз бар. Мына заң қашып құтыла алмайтынын білген соң, қуып қорқытпақшы болғанның кебі ме деп ойлап отырмын. Жеке талқылайық. Қазіргі сегізінші шақырылымның белсенділігіне қарай, өткенде Премьер-министрдің өзі де «Парламент өзіне тым көп алады. Бұл Үкіметке жұмыс істеуге бөгет жасап отыр» деп айтты. Жұмыс істеу деген халықтың игілігіне емес, тырнақшаның ішіндегі сөз. Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында (НҚА) депутаттық заң жобаларын жария талқылауды өткізу дейді де, «Үкімет қорытындысын ескере отырып» дейді. Үкімет қорытындысын ескеретін болсақ, қалғанының не қажеті бар?!». 

Осындай үлкен текетірестен кейін «Ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері» туралы заң жобасы әлі өңделіп, толықтырылып, «жал-құйрығы» күзелмесе, алдағы уақытта Парламент депутаттарының сынынан қорытынды шығармаса, заң болып бекуі қиын болмақ. Келешекте әр заң жобасы осылай депутаттардың белсенділігімен қабылданып отырса, оның халыққа тигізер пайдасы да зор деп ойлаймыз.  

Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, сегізінші шақырылым депутаттары өте белсенділік танытуда. Олар тіл мәселесінде де, ақпараттық құжатқа қатысты да, халықты толғандырып жүрген проблемалар тұрғысынан да өз ойларын еркін жеткізуде.  Бұған қуануымыз керек!

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
02.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 51
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 579
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 693
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 617

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367