Мен ең алғаш Алматы қаласына келіп, қызмет жасаған, М.Ғабдуллин көшесінде орналасқан №9 мектеп-интернат биыл 60-қа толыпты. Өмірімнің мектептен кейінгі парағын осы интернатта қызметті пионер серігі болып бастадым. Сол кездегі С.М.Киров атындағы университеттің тарих факультетінде оқи жүріп, жұмыс жасадым. Мектеп директоры Болатова Танзилә, Оқу ісінің меңгерушісі Сариева Сабиля, тәрбие ісінің меңгерушісі Жалғасова Раиса болатын. Аты аталған ұстаздардың ауыл балаларына деген қамқорлығына баға жетпейтін. Таңертең жұмысқа келгеннен бастап, олар кешке дейін мектептен шықпайтын. Балалармен жұмыс жасау өте қиын, ауылдан келген балалар. Оң-солын білмейді. Әсіресе төменгі сынып оқушылары. Әбден далада еркіндікте жүрген ауыл балалары, бір күннен кейін ауылға қайтқысы келеді. Интернаттың темірдей тәртібі бар. Сағат таңғы 7-де тұрғызу, жуындыру, тамақтандыру, киіндіру осының барлығы тәрбиешінің мойнында. Үйге, бала-шағаңа қалай қарасаң, бұл жерде де солай жасайсыңдар дейтін Райса Жалғасқызы. Тәуелсіздікке дейін Алматы қаласында санаулы ғана қазақ мектебі болды. Солардың бірі №4 мектеп интернатта облыстан келген қазақ балалар тәрбиеленді. Сол интернаттың ұлдарымен қосып, хормейстр Қымбат Үсеновнаның жетекшілігімен ұлдар хорын ұйымдастырдық. Ол хор үлкен табысқа жетіп, Францияға дейін барды. Сол хордағы балалар қазір үлкен қызметте. Жамбыл атаның шәкірті Үмбетәлі жыраудың немересі Әуелбек Ысқақов қазір Үмбетәлі жыраудың мұражайының директоры. Сол кездегі дружина кеңесінің жетекшісі Күлия Қожахметова Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс, Астана қаласындағы театрлардың бірінде жұмыс жасайды. Ерік Асқаров ақын, жастар сыйлығының лауреаты, марқұм. Алпысбай Қазығұлов әлемге танымал суретші. Бұлар менің оң қолым болатын. Жазушылармен, ақындармен, өнер адамдарымен, ғалымдармен кездесулер өткізетінбіз. «Қазақстан» телеарнасынан балаларға арналған хабарға жиі түсеміз. «Жас барабаншылар» маршы өткізіледі. Ұлдар сонда қатысады. Партия сьезіне, басқа да өкіметтің үлкен шараларының арасында жүреміз. Баша Ықласовна, Заида Қалиева, Балапанова, Лашын Әзімжановна Мұқағали Мақатаевтың әйелі. Жұмагүл Әнуарбекова тарихшы, Зайтун Мұхамбедиярович денешынықтыру пәнінен берді. Кейін бұл мектеп «Дарын» лицейі болды.Біздің ол кездегі тәрбиеміз басқа еді. Әрине тәрбиеге көнбейтін оқушыларда болатын. Бірақ ұстаздардың арқасында талай оқушы өмірде өз орнын тапты. Мектеп Алатаудың биік шыңының бауырында орналасқан. «Тау баласы тауға қарап өседі» деп бекер айтпаған, осы ұядан талай ғалым, өнер адамдары, ақын мен жазушылар шықты. Әлі де талай азамат білім алып шығары сөзсіз. Мерейтой құтты болсын, алтын ұя мектебім.