Қазақстандық алғашқы оқулықтар платформасы

Қазақстандық алғашқы  оқулықтар платформасы

Мәдени астанамыз Алматы қаласында «TopIQ.kz» тұңғыш қазақстандық электрондық оқулықтар платформасымен таныстыру іс-шарасы болды. Бұл цифрлық жобаны «Алматыкітап» баспасы мамандары жасап, жүзеге асырған. Платформа 2021 жылы сынақтан сәтті өтіп, 2022 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерге біртіндеп енгізілуде. Бүгіннің өзінде жаңашыл жоба жақтастар тауып, жақсы пікірлер туындауда. 

Ғаламдық өзгерістер білім берудің мазмұндық, әдістемелік, технологиялық аспектілеріне артықшылық енгізуді, бұрынғы құндылық басымдықтарын,  ұстанымдар мен педагогикалық құралдарды қайта қарауды талап етуде. 

Сан жылдар білім беру саласының ыстық-суығын бастан кешіп жүрген отандық «Алматыкітап» баспасы осындай бір дүниенің қажеттілігін бұрыннан сезетін. Сондықтан баспа өз қаржатымен 2020 жылы жаңа TopIQ электрондық оқулықтар платформасын жасауға көшті. «Алматыкітап» баспасының мамандары озық елдер тәжірибесіне сүйене отырып, өз еліміздің жас буын өкілдерінің білім мен оқуды сіңіру ерекшеліктерін ескере келе, жаңа жобаны аз уақыт ішінде дайындады. Платформа 2021 жылы апробациядан сәтті өтіп, 2022 жылғы жаңа оқу жылынан республиканың бірқатар оқу орындарына енгізілді. Бүгінде платформаны 200 000-нан астам қолданушы пайдаланады.  Олардың барлығы дерлік, жаңа цифрлық өнімнің тиімділігін және қазіргі аумалы-төкпелі заман сұранысына сай уақытылы әзірленгенін атап өтуде.

Жақында осы бір жаңа жобаны көпшілікке кеңінен таныту және пайдаланушылар пікірін ескеру мақсатында, Алматы қаласында голографиялық форматта іс-шара өтті. Тұсаукесер инновациялық 3D технологиялардың көмегімен жасалыпты.

 Голографиялық сахнада Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сынды ұлы тұлғалардың бірегей бейнелері шығып, баспа арқылы білім мен ілімнің сақталу мен таралу кезеңдері кино қойылым ретінде көрсетілді. Бұрын-соңды болмаған еліктірер, ерекше интро қойылымдар көрермендерді бірден өзіне баурап алды. Сол сәт, қазақ өнерінің қарашаңырағы Әуезов театрының үлкен залы ғажап ғаламатқа енгендей болды. Таңғажайып әуен мен қойылым әсерінен бір сағаттық көрініс бір минуттай зу ете шықты. 

Презентацияға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, танымал тележурналист Махаббат Есен, мемлекеттік тілді дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Асылы Әлиқызы Осман, белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев және тағыда басқа есімдері елге танымал тұлғалар, жазушылар, 14 облыстан және 3 республикалық маңызы бар қаладан ұстаздар қауымы, білім басқармаларының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, шетелдік спикерлер мен еліміздің танымал жұлдыздары келді. 

Платформаның белсенді қолданушылары – ұстаздардың айтуынша, «оқушылар оқу материалдарын қағаз кітаптарға қарағанда, платформа арқылы оқуға бейім екен. Платформадаға әрбір пәнге арнайы дайындалған интерактивті аудио және бейне қосымшалар, балалардың сабаққа деген қызығушылығын одан әрі арттырып, зердесін шыңдауға шынымен де көмектескен көрінеді. Оның себебін іс-шара спикері, география пәнінің мұғалімі Руслан Қаратабанов былай түсіндірді: 

«Олар, яғни қазіргі оқушылар 90-шы жылдардан кейін туған балалардың ұрпағы. Аузында смартфон, санасында тек қана Google. Олар мобильді құрылғыларсыз, компьютерлерсіз, әлеуметтік желілерсіз және интернетсіз өмірлерін елестете алмайды. Ақпараттық технологиялар олар үшін өз мүмкіндіктерінің табиғи кеңеюі болып табылады. Бұл ұрпақтың адамдары кез келген уақытта және әлемнің әр нүктесінен қажетті ақпаратқа қол жеткізуге дағдыланған. Олар адамзат жинаған білімдерді күнделікті әртүрлі міндеттерді шешу үшін оңай пайдаланады. Мәселен, пицца сатып алудан махаббатымен бөліскенге дейін. Есте сақтау және жаттау олар үшін маңызды емес, өйткені барлық ақпарат интернетте. Оңтайлы онлайн курстар болған кезде, дәстүрлі сабақты таңдау қажет еместігін біледі. Бірақ соған қармастан олар, шынымен пайдалы білім алуды көздейді». 

Тұсаукесер шымылдығы «Алматыкітап» баспасының Директорлар кеңесінің төрайымы Эленора Нығметқызы алғысөзімен ашылды.

Ресми таныстырылу барысында,  әрбір электрондық оқулық – оқу бағдарламасы мен пәннің мазмұнына сәйкес құрастырылып, түрлі интербелсенді тапсырмалар, аудио-бейне материалдар, анимациялар, шағын мультфильм, ертегілермен толықтырылған мультимедиялық өнім екендігіне көзіміз жетті. Платформа – сабақ мазмұнын қызықты әрі сапалы ету міндетін атқарып, мұғалімнің бүкіл сыныпқа, шағын топтарға немесе жекелеген оқушыларға тапсырмалар тағайындап, орындалу деңгейін қадағалауға мүмкіндік береді екен. 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 115
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 150
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 148
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 115
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 259
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 262
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 472
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 434

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9133
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8531
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11759
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9526
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10738