ҚИЯР ӨСІРУДІҢ ШЕБЕРІ

ҚИЯР ӨСІРУДІҢ ШЕБЕРІ
Аудандағы ақ егіс көлемін айтпағанның өзінде, бау-бақша дақылдарының көлемі де жыл сайын артып келеді.
Нұрлыкент ауылында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы жақсы жолға қойылған. Округте мал және егін шаруашылығымен айналысатын жандардың қатары көп. Соның бірі – Мадина Өтенова. Ол 2000 жылы отбасымен Өзбекстан Республикасынан атажұртқа қоныс аударған. Осында келіп әр жұмыстың көзін қарастырып, соңында егін мен айналысуды ұйғарады.
Мадина Әбдірайымқызы өз ауласындағы 10 соттық жердің 7 соттық жеріне қиярдың екі-үш сортын егеді.
-Ол жерге мен ерте көктемде жылыжай соғып, ішіне қызанақтың үш-төрт түрін, тәттібұрыш, ащыбұрыш, баялдының тұқымдарын себемін. Екі ай оны күтіп-баптап, арам шөбін жұлып, тазалап отырамыз. Күн жақсы жылынғанда жылыжайды жауып тұрған арнайы материалды ашып қоямыз. Жылыжайдағы жұмысты отбасымызбен бірге қараймыз. Айтуға оңай болғанымен, оның жұмысы қиын. Одан бөлек, мамыр айының 20-на қарай дайын болған көшеттерді сатуға шығарамыз. Көшеттер аудан орталығындағы базарда сатылады,- дейді Мадина Әбдірайымқызы.
Қиярды әр терген сайын 100-150 келі теріп алып отырады екен. Көбінесе қиярды кешкі немесе азаңғы салқынмен жинаған дұрыс дейді. Жинаған қиярды тапсырыс беруші немесе ауыл тұрғындары бірден алып кетеді екен. Біздің кейіпкеріміздің қиярына деген тапсырыс беруші адамдар көп. Кейде жинаған қиярлары жетпей қалатын күндер де болады. Бірақ осы күнге дейін ол кісінің қиярына ешқандай шағым түспепті. Барлығы тек қана алғыстарын айтуда. Мадина көбінесе қиярдың шандин деген сортын егеді. Ол басқа қиярдың сортына қарағанда майдалау, банкіге жапқанға ыңғайлы болып келеді.
Мадина Әбдірайымқызы көпбалалы отбасында өскен. Оның ағалары мен інісі де егін егумен айналысады. Барлығы ауылдан, басқа ауылдардан жер алып қырыққабаттың екі-үш сортын егеді.
Кейіпкеріміздің өзі көпбалалы ана. Қыздарының алды тұрмыс құрған. Қалғандары мектепте оқыса, бірі Астана қаласында шет тілі мамандығы бойынша білім алуда.
Жуалы ауданы әкімдігі
19.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372