Радиация дегеніміз не және ол адамдарға қалай әсер етеді?

Радиация дегеніміз не және ол адамдарға қалай әсер етеді?

    Радиация (иондаушы сәулелену) – энергияның электромагниттік толқындар немесе субатомдық бөлшектер түрінде берілуі. Күн сайын адам табиғи және жасанды сәулеленуге ұшырайды. Табиғи сәулеленудің көптеген көздері бар, соның ішінде топырақта, суда, ауада және адам ағзасында кездесетін табиғи радиоактивті заттар. Табиғи радиацияның негізгі көзі тау жыныстары мен топырақтан бөлінетін табиғи газ радон болып табылады. Адамдар ғарыштық сәулелердің табиғи сәулеленуіне де ұшырайды, әсіресе биіктікте. Орташа алғанда, адамның фондық сәулеленуден алатын жылдық дозасының 80% табиғи жердегі және ғарыштық сәулелену көздерінен келеді.

Адамдар жасанды да сәулелену көздерінен сәулеленуге ұшырайды. Қазіргі уақытта иондаушы сәулеленудің ең кең тараған жасанды көздері рентгендік аппараттар мен компьютерлік томографтар болып табылады.

    Пациенттер (ауырған адамдаржиі қоятын 3 сұрақты талқылайық:

1. Рентген сәулелері қалай қауіпті болуы мүмкін? Рентген аппараты иондаушы сәулеленудің көзі болғандықтан, оның мөлшерден артық дозасы ДНКжәне РНК тізбектерінің тұтастығын бұзуға әкеледі.

2. Рентгенге неше рет түсуге болады? Рентгенография (флюорография) көмегіменпрофилактикалық тексеру жылына бір рет ғанажүргізілуі қажетДиагностикалық тұрғыданауруларды жылына 1-2 реттен көп емес рентгендікзерттеуге рұқсат етіледі.

3. Адам ағзасына қайсы зерттеулер қауіпсізкомпьютерлік томография (КТ), магнитті-резонанстық томография (МРТ) немесерентгенография? Орта есеппен алғанда, өкпеніңрентгенографиясының бір процедурасы кезінденауқас 0,1 мЗв (милиЗиверт) сәуле аладыөкпеніңКТ кезінде - 2,5 мЗв, демек КТ процедурасының әсері едәуір үлкен. Ал МРТ жүргізу кезіндепациенттер сәулеленудің нөлдік дозасын аладыөйткені бұл зерттеу иондаушы сәулеленуге емесмагниттік әсерлерге негізделгендемек МРТ кезінде адам ешқандай сәулелену дозасын алмайды.

    Рентгендік зерттеу кезінде науқастар радиациялық қорғаныс үшін пластиналарды, шапандарды (накидка) және жағаларды (воротник) қолдануы керек. Ал мамандар – рентгендік қорғаныс киімдерінің жиынтығы: халаты бар алжапқыш, қалпақ, кеудеше және қолғап киеді.

    Иондаушы сәулеленудің шамадан тыс әсер етуі тірі мүшелердің зақымдалуына әкелуі мүмкін, оның қарқындылығы алынған сәулелену дозасына байланысты. Доза неғұрлым жоғары болса, жағымсыз әсерлердің қаупі соғұрлым жоғары болады.  Сәулеленудің өте жоғары дозалары жүрек айнуы, құсу, шаш түсуі, өткір сәулелену синдромы, радиациялық күйік және өлімге әкеліп соғады.

    Айта кету керек, радиологиялық төтенше жағдай немесе ядрорлық апат болған жағдайда үш негізгі қағиданы ұстану қажет: үйден шықпау, ағымдағы ақпараттан хабардар болу және нұсқауларды орындау. Әрқашан жергілікті атқарушы органдардың қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз және соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз. Үй ішінде қалуға бағытталған жағдай болса, мүмкіндігінше терезелері мен есіктері жоқ бөлмеде болғаны дұрыс, терезелерді жауып, үйдегі желдету жүйелері мен құрылғыларын (кондиционерлер немесе жылытқыштар) өшіру керек.

 

Наурызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқарманың басшысы                                                      Конеева В.И.

 

Наурызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы                                      Умиркулова Ш.А.

 

 

 

 

21.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4995
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5161
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20116
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18761
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22217