РУХАНИЯТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Qazaqstan dauiri» газетінің «AMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Ауыл» партиясы, «Ардагерлер кеңесі» РҚБ, «ЕлАна» сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен  «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» атты дәстүрлі экспедициясы Түркістан облысында жалғасуда. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас директоры, Қазақстан  Республикасының   еңбек   сіңірген   қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі,  «Құрмет» орденінің иегері Сәуле Мешітбайқызын қабылдады.

Сәуле Мешітбайқызы Мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында түсіндіру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық экспедицияның жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар бала тәрбиесіне қоғам болып көңіл бөлу қажеттігін айтып, балаларды мейірімділікке, бауырмалдыққа бағыттаудың маңыздылығын атап өтті. Осы бағытта маңызды іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Ертай Кенжебекұлы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жобаларға облыс әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Газет басшысы Сәуле Мешітбайқызы Созақ, Бәйдібек аудандарын аралап, жұртшылықпен кездесті. Экспедиция сапары Сайрам ауданында жалғасады.

Облыстың әлеуметтік сала басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарларымен онлайн кездесулер бүгінге жоспарланған.  Дәстүрлі экспедицияның сапары жайлы келесі нөмірден оқитын боласыздар. 

 

20.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20106
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19940
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35062
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33635
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37462