ШАРШАП ЖҮРСІЗ БЕ?

ШАРШАП ЖҮРСІЗ БЕ?

Сіз үнемі шаршай берудің ауру екенін білесіз бе?

1950 жылдардың ортасында Англияның солтүстігінде белгісіз ауру пайда болды. Алдымен ересек адам ауырып, кейін әлсіздік мектеп оқушыларында пайда болды. Көп ұзамай ауру британдық шағын қалада жаппай тарады. Басында «бұл жаңа инфекция» деген пікір туды.

​ ​ ​ ​ ​ Алғашында бұл ауру – Исландық ауру, Акурейра ауруы, эпидемиялық нейромиастения, кейіннен​ поствирустық астения синдромы деп аталды. Тек 1967 жылы американдық зерттеуші Р.Кендлер «астеникалық синдром» ұғымын енгізді.

СИМПТОМДАРЫ: үнемі шаршау, температура, депрессия.

Бұл ауру еш себепсіз адамның өмірге деген қызығушылығын жоғалтады. Жақсылап ұйықтап, тынығу да, көңіл көтеру де, тіпті дәрі де дәрменсіз. Жұмыстан соң шаршау денсаулыққа пайдалы, істеген жұмысыңа дән риза болып демаласың. Ал егер шаршау бірнеше айға созылса ше?

Ауруды қоздыратын вирус – Герпеса. Жер шарының 90% адамының бойында бұл вирус бар. Бірақ неге астеникалық синдромға бәрі шалдықпайды?

ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕ

Адамның иммундық жүйесі жақсы болса, пайда болған вирус оянған кезде толығымен бақылауда ұстап, жеңеді. Форгацит иммундық клеткаларымен организмді қорғап қалады.

Иммуносупрессия – вируспен күресетін форгациттердің жеткіліксіз болуы, яғни, организм қорғанысының әлсіреуі. Бұл синдромдағы адам организмі вируспен күресте сөзсіз жеңіледі.

СТРЕСС

Стресс кезінде бүйрек үсті безінде адреналин мен кортизол бөлінеді де, қан айналымына түскен соң, организм жұмысына үлкен өзгерістер әкеледі:
-жүрек соғысы жиілейді
-қан қысымы жоғарылайды
-мидың жұмысы қарқынды болады
-ми стресс себебін біліп, тез арада құтылуға тырысады.
Бұл аз уақытта өте шығатын хәл – эустресс деп аталады.

Стресстің организмге зақым келтіретін тағы бір түрі – ұзақ уақыт бойы жүйкенің түршігуі (ашулану). Нәтижесінде организм қатты шаршайды. Буындардың ауруы, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, тәбеттің жоғалуы. Одан кейін​ гастрит, асқазан жарасы, ифаркт, инсульт және қабір.

Дұрыс тамақтанып, жақсы ұйықтап, жеңіл жаттығулар жасау – үнемі шаршау кезінде көмектеседі. Алайда күйзелісті жеңбесеңіз, шаршауыңыз басылмайды. Күлімдеңіз, жүйкеңізді тоздырмаңыз. Не де болса, қабірде жатудан жақсырақ болар?

Сурет: Винсент Ван Гог

 

Дидар Қайрат
06.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 86
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 94
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 329
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 554
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 501

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9205
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8602
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11829
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9599
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10813