Сот төресі – судья

Сот төресі  – судья

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды саяси шешімдерінің бірі, 2021 жылы 15 қазанда бекіткен – «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға  дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» жарлығы десек қателеспейміз. Еліміздің саяси саласына шолу жасайтын саясаттанушылардың пікірі бойынша бұл маңызды құжат болып есептеледі. Жалпы 8 бөлімнен тұратын маңызды құжаттың әрбір бөлімдері еліміздің «2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ұлттық құқықты, құқық қорғау және сот жүйелерін, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметті дамытудың, сондай-ақ құқықтық білім беру мен құқықтық насихаттың басым бағыттарын айқындайтын құжаты болып табылады». 

Жеке-жеке қарастыруды, дербес талдау мен зерттеулерді қажет ететін маңызды құжаттың ішіндегі 5-бөлімі «Құқық қорғау мен сот жүйелерін және құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттары» деп аталады.

Сот жүйесін жаңғырту жөніндегі бағыттар нақпа-нақ айтылған.

Еліміз егемендік алғалы бері сот жүйесіндегі ауқымды реформаларды саясаттанушылар жалпы 3 кезеңге бөліп қарастырған. Ал Елбасымыз Н.Назарбаев та бұл саланы үздіксіз жетілдіру жөнінде «Қазақстан – 2050 «Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында және «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары» атты маңызды құжаттарында баса айтып келгені белгілі. Ал соңғы жылдары қабылданған маңызды құжаттар бұл саланы үздіксіз жетілдіріп, дамытып отыруға мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп  отырғандығын онан ары айқындап берді. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтің 2021 жылы шығарған жарлығы негізінде Үкіметте де бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Шетелдік тәжірибелерді салыстырып қарайтын болсақ та даму жолындағы мемлекеттердің қай-қайсысы да құқықтық саланы реттеу, сот жүйесін реформалау мәселелеріне айырықша көңіл бөлгендігін аңғаруға болады. Яғни Қазақстанның саяси саласындағы мұндай қадамдары да әлемдік даму үрдісінен шет қалған жоқ. Зайырлы, демократиялы ел құруды мақсат еткен жас мемлекеттің Конституциясында да сот саласының ел билігінің дербес тармағы екендігі сондай-ақ заңның үстемдігі сот билігінің негізгі міндеті екендігі айқын көрсетілген.

Сот саласындағы өзгерістерді бақылап отырған сарапшылар да бұл маңызды құжат туралы оң пікірлерін білдіріп жатыр. Себебі сот жүйесі азаматтардың құқықтарын заңмен кепілдендіруді қадағалайтын маңызды сала. Осының ішінде соттың төрелігін жүзеге асырушы маңызды тұлға судиялардың кәсібилігін, адалдығын, дербестігін заңмен қорғау және қадағалау айырықша маңыз алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы айырықша нұсқаулар беріп, тікелей қадағалап отырғандығын жоғарыдағы құжаттарда анық көрсетіліп тұр. Саяси жақтан кемелдену жолындағы Қазақстанның бұл саланы кезең-кезеңімен дамытып келе жатқандығын аңғарар едік. Себебі сот жүйесінің мәселелеріне, оның ішінде судьяларды іріктеуге қазірге дейін мемлекеттің бірқатар бағдарламалық және стратегиялық құжаттары арналғаны белгілі. Соның бір мысалы 2019 жылдан бастап судьялық басшылық лауазымдардың кадр резерві, судьяларға қатысты тәртіптік өндіріс институты Сот кеңестің құзырына берілді, конкурстық жолмен іріктеу аясы кеңейтілді, салада заманауи ақпараттық технологиялар қолданылуда. Қазіргі таңда Жоғарғы сот кеңесінің құрамы құқықтық қоғамдастық өкілдерінің есебінен толықтырылды, кеңестің тұрақты мүшелерін тағайындаудың ротациялық принципі бекітілді, судьяларды іріктеудің принциптік жаңа тетіктері енгізілді. 

Ал ендігі бағыт  – «соттарды одан әрі мамандандыру, судьялыққа кандидаттар үшін біліктілік емтиханының рәсімдерін, судьяларды конкурстық іріктеу тетіктерін, судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру тәртібін, сот жүйесіне қоғамдық сенім деңгейін арттыру мақсатында судья лауазымына кандидаттарды тестілеу процесіне жұртшылықтың қатысуын кеңейтуді цифрландыру әрі одан әрі жетілдіру» болып отыр.

Мемлекет құрудағы маңызды тетіктердің бірі дербес сот саласы болса, соттың басты тұлғасы есептелетін судияларды кәсіби жақтан жетілдіру, оларды іріктеуде қабілеті мен тәжірибесіне қарай отырып нағыз жүйріктердің әділ бәсекеде өз орындарын алуын да маңызды орынға қойып, мемлекеттік деңгейде көңіл бөлуге көшті. Бұл жас мемлекетіміз үшін аса абыройлы әрі батыл қадамдардың бірі дер едік.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 116
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 150
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 148
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 116
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 259
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 263
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 472
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 434

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9133
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8531
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11760
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9526
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10738