Су тасқынына қарсы іс-шаралар

Су тасқынына қарсы іс-шаралар
Су ресурстары және ирригация министрлігі қазір жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, стратегиялық нысандардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету, су қоймаларына тасқын суын жинау және оны қауіпсіз өткізу үшін жұмыс істеп жатыр.
Бүгінде еліміздің оңтүстігіндегі су қоймалары суару кезеңіне дайындалып жатыр. Орталық, солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Су қоймаларының жұмыс кестесі туралы Төтенше жағдайлар департаменттері мен жергілікті әкімдіктер сағат сайын хабардар етіледі. Бүгінгі таңда бұл аймақтардағы су қоймалары 40% бос және 22,7 текше шақырым су қабылдай алады.
Мысалы, Ақтөбе су қоймасына екі тәулік ішінде (27-29 наурыз аралығында) су қоймасының жалпы көлемінің 75%-нан астам немесе 200 млн текше метр су түсті. Төтенше жағдайдың алдын алу және халықты уақтылы эвакуациялау үшін су қоймасында ең жоғары деңгейден 15 миллион текше метр артық су жинау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Ақтөбе су қоймасындағы су деңгейі тұрақты.
Жедел ден қою мақсатында біз үздіксіз мониторинг жүргіземіз және әкімдіктер мен ТЖД-ны хабардар етеміз. Тобыл-Торғай бассейнінің (Қостанай облысы) ірі су қоймалары тағы 550 млн текше метрден астам су қабылдай алады.
Қазіргі уақытта су тасқыны аймақтарында министрліктің 1000-нан астам маманы мен 280-нен астам техника жұмылдырды. Су шаруашылығы нысандарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған қор, соның ішінде құм, қиыршық тас, қапшықтар және басқа да қажетті инертті материалдар дайындалды
.
Министрлік жанындағы жедел штаб әкімдіктермен өзара тығыз байланыс орнатты. Республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суын апатсыз өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары мен су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді. Жауапты мекеме қызметкерлері объектілерге тәулік бойы бақылау жүргізеді.
Айта кету керек, министрлік, төтенше жағдайлардың салдарын азайту үшін жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасын реконструкциялауды жоспарлап отыр. Бұл су тасқыны кезінде 75 мыңнан астам халқы бар 60-тан астам ауылдық елдімекенді су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру мерзімі — 2024-2028 жылдар.
Біз су шаруашылығы нысандарының тиісті жай-күйін қамтамасыз ете отырып, еріген қар суын жинауға, сондай-ақ оны қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді саламыз.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
01.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 611
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 579
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 602
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 597
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 591
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 611
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 603

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9222
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12459
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11435
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16444