«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

«Түнгі қаладағы балалар»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Алматы облысында ағымдағы жылдың 14-16 мамыр аралығында облыстық Полиция департаментінің ұйымдастыруымен қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің 166 қызметкері жұмылдырыла отырып, кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы (бұдан әрі – ЖПШ) ұйымдастырылып өткізілді. 

 

Аталған шара құқықтық тәртіпті нығайтуға және өскелең ұрпақтың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға бағытталды.

Сондай-ақ, іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері, сондай-ақ ата-аналар комитеттері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де атсалысты. 

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді тұтынуы, ұсақ бұзақылық жасауы, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жеке өзі ойын-сауық орындарында немесе тұрғын үйден тыс жерлерде (түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, саябақтар және өзге де қоғамдық орындарда) жүру деректері тексерілді.

Іс-шара тек рейдтік жұмыстармен шектелмей, оқу орындарының студенттері мен орта мектеп оқушылары арасында бопсалаушылық фактілерінің алдын алу және жолын кесу бағытында да жүргізілді. Осы мақсатта білім беру ұйымдарының жатақханалары тексеріліп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, оқу орындарында педагогикалық ұжымдардың, ата-аналар комитеттерінің қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру және профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Кездесулер барысында оқушылар мен студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау, заң талаптарын бұзудың салдары және буллинг пен бопсалаудың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Рейд нәтижесінде түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген бірқатар жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген кәсіпкерлік нысан иелері де заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Өткен іс-шаралар туралы 132 ақпараттық бейнематериалдар инстаграм, фейсбук және т.б. әлеуметтік желілер мен месенджерлер арқылы таратылды.

ЖПШ аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Нақты айтқанда, іс-шарасының 3-ші күнінде 370 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:

- ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша тәрбие мен білім беру міндеттерін орындамау)  - 99 әкімшілік бұзушылық анықталды.

- ҚР ӘҚБтК-нің 127-2 бабымен (буллинг) – 10 хаттама. 

- ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабымен (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) – 11 хаттама анықталды. 

- ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабымен (ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 10 хаттама.

- ҚР ӘҚБтК 435-бабымен(кәмелетке толмағандармен жасалған бұзақылық)  – 7 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

- ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүруі)  –  21 хаттама. 

- ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 06-ға дейін болуы)  – 253 әкімшілік хаттама толтырылды. 

- Профилактикалық есепке 6 кәмелетке толмаған бала қойылды. 

- Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтындар есебіне 7 ата-ана қойылды. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі және криминалдық полиция бөлімдерге Жамбыл ауданы «Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекеттерге тартатын көшбасшылар» санаты және «Бопсалаушы» санаты бойынша жедел есепке қою бағытында жедел-маңызды 2 ақпарат жолданды.

Алматы облысының Полиция департаменті кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. 

Жалпы, мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың түрлі келеңсіз жағдайларға тап болмауына ықпал етеді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәрбиесіне оң әсерін тигізуде маңызды рөл атқарады.

Алматы облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Б.С.Дакеев ұсынған мәліметтер негізінде әзірленді.  

Дайындаған – Әсем ФАЗЫЛОВА,

Алматы облысы

21.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25257
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24760
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42193
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38043
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42526