Ұлт тұлғаларын тану – жастарды рухтандырады

Ұлт тұлғаларын тану  – жастарды рухтандырады

Рухани құндылығымыз, ғасырлардан ғасырларға көшіп отыратын асыл қазынамыз – кітап. Әлемдегі ұлы адамдар, ойшылдар, ғалымдар мен педагогтар кітап туралы пікір-пайымын кейінгілерге өсиет ретінде жазып қалдырған. Бірнешеуін келтіре кетсек.

– Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге (Абай).

– Кітап  – құрметті қару.

– Ақылды, шабытты кітап көп ретте адам тағдырын шешеді (В.А Сухомлинский).

– Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан–ұрпаққа жеткізеді, біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады (М.Айбек).

– Өзінді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені тану үшін де кітап керек (Расул Ғамзатов).

– Білімге кұмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақын досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің (М.А.Шолохов).

Иә, кітаптың қасиетін бағалап, қадірлеп жүрміз бе? Кітаптың қыруар пайдасын қасиетімізге жарата алдық па? Қазіргі кезеңде үлкендердің де, жастардың да кітап оқымайтынын, ақша табу жолында неден де тайынбайтындарын естіп те, көріп те жүрміз. Бұл жайт, бізді қараңғылықтың құрдымына қарай бастап бара жатқанын ешкімнің қаперіне кіріп шықпайды . Бұл ойымызды «Қазақ әдебиеті» газетінің 22сәуір (2022 жыл) күнгі санында жарық көрген: «Ондықта оқымысты елдер», «Біз қайдамыз?» деген шағын мақала растай түседі. Тақырыпты әрі қарай оқысақ. Елордадағы EXPO Халықаралық көрме орталығында Eurasian Book Fair -2022 Еуразиялық халықаралық кітап көрме –жәрмеңкесі өтіп жатыр. Халықаралық кітап көрме – жәрмеңкесі Елордада 2016 жылдан бері өтіп келеді. Жәрмеңке халықаралық болғандықтан, оған шетелдік баспа өнімдерімен компания өкілдері де келіп қатысатын. 

CFK халықаралық маркетингтік зерттеу институтының 2021 жылы жасаған қорытындысында халқы кітапта көп оқитын он елді атаған.

Олар: Қытай, Ресей, Испания, Италия, Британия, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Мексика, Канада. Өкінішке орай, қазіргі Қазақстан кітап оқымайтын, кітапты ешбір құндылық деп санамайтын қараңғы елге айналып барады, – делінген. 

Жастарға кітапты құндылық ретінде бағалап қана қоймай оқытатын да оңтайлы жолын табу керек деп ойлаймын. Бұл – ұстаздардың қолынан келетініне сенемін. Осы жөнінде азды-көпті іс-тәжірибемді ортаға салып, әріптестеріммен бөліскенді жөн көрдім. Өзім сабақ беретін 1-курс магистранттарына төмендегі кітаптарды оқып келуді тапсырдым. Соңынан сараптама жасадық.

Алина: Өзбекәлі Жәнібековтің – «Тағдыр тағылымы» туындысын оқып, өз ойын былай қорытты: Өзбекәлі Жәнібековтің ел үшін атқарған еңбегі өлшеусіз. Саналы ғұмырын қазақтың руханиятын түгендеумен өткізген қоғам қайраткері. Ахмет Яссауи кесенесі негізінде құрылған «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің тарихында да Өзбекәлі Жәнібековтің атқарған еңбегі орасан. Өзбекәлі Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан. XX ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болған. Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық музейлер ашылған. Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген «Арқас» қоғамы құрылған. Өзбекәлі Жәнібековтің дара жолы, қыруар еңбегі жөнінде айтылған тұшымды дүниелері үлкен ой салып, рухани азық алдым.Тарих қойнауына үңіліп, халқымыздың өмірі мен тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеп, ерлігі мен бірлігін паш етіп, келер ұрпаққа баға жетпес құнды еңбектері мен өсиетін қалдырған еліміздің біртуар ірі тұлғаларының бірі-мемлекет қайраткері, белгілі этнограф,  тарихшы ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегі жыл өткен сайын құндылығы арта түсері анық.

Таңшолпан: Несіп Жүнісбаевтың «Мұстафа Өзтүрік» шығармасын оқыдым. Автор есімі әлемге әйгілі қазақ азаматы, таэквонда өнерінің жұлдызы Мұстафа Өзтүріктің еліне келген екі сапарында алған әсері, туған жерге деген перзенттік махаббаты жайлы жан сырын жеткізген. Ана тіліне, оның тазалығына ерекше мән бергені, таэквондадан толағай табыстарға жеткені, шәкірттеріне жаттығу кезінде тек қазақша сөйлеуді, қазақша аура қалыптастыруды талап еткені, өз елінің жанашыры екені көрсетілген. Мұстафа Өзтүріктің өмір тарихын оқи отырып, басқа жат елде туып-өскенмен, қазақ елін бүкіл әлемге танытқан, жүрегі қазақ деп соққан, Отаным деп ұлтын сүйген азамат ойымда өшпестей із қалдырды. Жастарды ұлтын сүюге, өз ана тілімізге құрметпен қарауға үйреткен біртуар азаматтың жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды.

Серік: «Отряд Кара-майора»,  Амангелді Жантасовтың осы шығармасы маған ерекше әсер етті. Аты аңызға айналған «Кара-майор» Керімбаев Борис Түкенұлының басқаруындағы «Мұсылман батальоны» 1980 жылы қаңтарда Алматы облысының Қапшағай қаласында құрылған. 1981 жылдың қазанынан 1989 жылдың ақпанына дейін Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамында болды.  177-ші жеке арнайы мақсаттағы жасақ өшпес әскери даңққа бөленіп, белгілі арнайы күштердің біріне айналды. Аты аңызға айналған Қара майор Борис Керімбаевтің ерліктері туралы көптеген қазақстандықтар естіген. Ерекше батылдықтың және ерекше әскери қулықтың арқасында Борис Керімбаев өзіне жүктелген барлық жауынгерлік тапсырмаларды орындай алғаны, сонымен бірге оның отрядының аз шығынға ұшырағаны туралы бұл ержүрек адамның ерлігіне, батылдығы мен тапқырлығына тәнті болдым.

Гүлжанат: «Қазақтың қайсар қайраткері – Жұмабек Тәшенов». Кітап биография түрінде жазылған. Ж.Тәшеновтің көзін көрген адамдардың ол туралы ойы және есте қаларлық сәттерден үзінді әңгімелер жазылған. 2-бөлімінде: Ж.Тәшеновке арнау ретінде жазылған өлеңдер жинағы берілген. Ұлтының, елінің жанашыры бола білген тұлға Жұмабек Тәшеновтың өмірі жайлы оқып білдім. Бойынан табылатын қайтпас қайсарлыққа да, басшылық орындағы әділдігіне де, асқан жомарттылығына да тәнтімін. Халқына ерен еңбегі сіңген Тұлғаның өмір жолын болашақ ұрпақ кеңінен танып білсе екен.

Нұрболат: Александр Бектің «Волоколамск тасжолы» шығармасы туралы. Бұл туынды 1941 жылдың күзі-қысында Мәскеу түбіндегі фашистік басқыншылар мен болған шайқаста жанын берген генерал-майор Панфиловтың 316-дивизияның (кейіннен 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының) 1073-атқыштар полкінің 1-батальонындағы кеңес сарбаздары мен офицерлерінің ерлігі туралы баяндайды. Шығарма 10-17 тараудан тұратын төрт повестен тұрады, баяндау аға лейтенант, Панфилов атқыштар дивизиясы батальонының командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының әңгімесі ретінде жүргізіледі. Александр Бектің бұл шығармасындағы соғыс адамы елі, жері үшін бәріне баратынын көрсетеді. Әсіресе бірінші повестегі «Мені сынаңыздар» атты бөліміндегі Бауыржан Момышұлының жойқын шешімге бел буғаны тыңдарманға үлкен әсер беріп, үрей туғызады. Бейбіт заманда өмір сүретін адам, әрине, ондай шешімді ешқашан түсінбес.

Дина: Мұстафа Шоқайдың «Түркістан» туындысы. Мұстафа Шоқай тек кеңестік дереккөздер мен баспа сөзге сүйене отырып, большевиктердің Орта Азиядағы ұлттық саясатына қатысты екі жүзділігі мен сәйкессіздігін көрсетеді. 1917 жылғы екі төңкерістен кейін Шоқай «Алаш Орда» өкіметінің құрамына кірді. Мұстафа Шоқай-бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған бір туар азамат. Алаш партиясында болды, Түркістан автономиясының басында тұрды. 21 жыл Еуропада эмиграцияда жүріп, қазақтың бостандығы үшін күрескен тұлға. Мұстафа Шоқай бай ғылыми мұра қалдырды. Шоқайдың Еуропа елдерінде ұстанған басты екі мақсаты бар еді. Біріншісі – тәуелсіздік, екіншісі – біртұтас Түркістан идеясы, яғни Түркістан одағы. Менің ойымша, осы асыл тұлғалардың сол кезден бастап «қазақғым» деп жанын беріп, тәуелсіздікке қол жеткізуіне тырысып күреспегенде көк туымыз желбіремес пе еді деп ойлаймын. Алаштың астына біріккен ұлы тұлғаларымызды мақтан етеміз. Мұстафа Шоқайдың өмірін, қайраткерлігін оқушыларға, студент жастарға да оқуға кеңес беремін.

Қорыта келе, кітап оқуға  қатты құмар болған М.Горькийдің балалық шағы жалшылықта өткенін, күндіз кітап оқуға қожайыны рұқсат етпегендіктен түнде әйнекке түскен ай жарығының болмашы сәулесімен ұрланып оқуға мәжбүр болғанын  мектеп оқушылары жақсы біледі. Шағын мақаламды сол жазушының сөздерімен аяқтайын.

«Кітапты сүйіңдер! Ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді. Ол сендерге адамды және өздеріңді қадірлеуді үйретеді. Ол ақыл-ойыңды, жүрегіңді, дүниеге, адамға деген махаббат сезіміне бөлейді».

 

Айгүл ҚОЖАХАН,

Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті

Тұрақты даму бойынша 

ЮНЕСКО   

кафедрасының 

қауымдастырылған

 профессоры,

техника ғылымдарының

 кандидаты

 

P/S: Айгүл Қожахан қарындасымыз және анасы Тұрсынхан апай Шәлдибекқызы біздің газетіміздің нағыз жанашырлары. Мәселен Айгүл «Qazaqstan dauiri» газетіне өзі ғана жазылып қоймай, бүкіл магистранттарын, студенттерін жаздырды. Апай да апта сайын біздің газетімізді асыға күтіп отырады. Олар газетімізге тұщымды-тұщымды мақалалар жазып тұрады. 

Екеуі де ұлт үшін көптеген игі істер атқарып келеді. Шіркін, осындай ғажайып жандар көп болса, қазақ баспасөзінің жұлдызы жанып, ұлтымыз рухани жағынан байып, мемлекетіміз алдыңғы қатарда болатын еді-ау...

05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779