ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ АМАЛДАР

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ АМАЛДАР

Адамдар тосыннан келетін табиғи апаттардан (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт т. б.) әрқашанда сақтанып, дайын болу керек. Алматыда биыл жыл басында 2-3 рет жер сілкінісі болып, елді біраз дүрліктірді. Апат аяқ астынан пайда болады және қас қаққанша өте шығады. Жер сілкінгенін ғимараттың теңселгенінен, шайқалғанынан, шамдардың шайқалғанынан, ыдыс-аяқ пен әйнектердің сылдырынан, шыққан гуілден аңғара аласыз. Бұл жағдайда ең бастысы үрейге бой алдырмау. Қай жерде жүрсеңіз де, үйде, жұмыста, далада, көлікте жер сілкінген кезде істейтін амалдарыңызды ертерек жоспарлап қойған дұрыс. Ғимараттан алыс көше мен алаң жер сілкінген кездегі ең қауіпсіз жер болып есептеледі. Алғашқы дүмпуден кейін-ақ қысқа жолмен тез арада далаға шығып кету керек. Өздігімен жүре алмайтындарға қауіпсіз орынға шығуға көмек берген дұрыс. Бұл жағдайда заттарды жинауға уақыт кетіруге болмайды. Мүмкін болса, тек құжаттар мен ақшаны алған дұрыс. Лифтті пайдалануға тыйым салынады. Төменге баспалдақпен не өрт сатысымен түсу қажет. Мұндай жолмен ғимараттан шығу мүмкін болмаса, төсек жаймасынан арқан жасап, оны жылу батареясына байлаңыз да, терезеден түсуге әрекет жасаңыз. Бұл – балалар мен зардап шеккендерді құтқарудың тиімді тәсілі. Осы жағдайда отбасы мүшелеріне қайтпек керектігін, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін түсіндіріңіз. Құжаттар, ақша, қолшам сияқты ең қажетті заттар әрқашан қасыңызда болсын. Су мен консервілерді бірнеше аптаға жететіндей сақтап қойыңыз. Отбасы мүшелері үйлерін токтан ажыратып, газ бен су құбырын өшіріп тастау қажет. ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК? - жер сілкінген кезде ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секундтай уақытыңыз болады. Ол үшін үрейге бой алдырмаңыз. Асып-сасып, өзіңізді де, өзгелерді де қорқытпаңыз; - пәтердің қай қабатта орналасуына қарай сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығу мен үйдің ішінде қалуды ойластырыңыз. Көпқабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, онда далаға шығуға болады. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден алыс тұрған дұрыс. Ал жоғарғы қабаттардан қашып шығу өте қауіпті екенін ескертеміз; - сілкініс басталысымен үйдегі қауіпсіз деген орындарға тез жетіңіз. Қауіпсіз тұстар – үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұруға болады. Ауыр жиһаздар, терезелерге жақындамаңыз, жеделсатыға мінбеңіз. Далаға шыққанда есік алдында итерісіп, бір-біріңізге бөгет жасап, есіктен шығуға кедергі келтірмеңіздер. Әсіресе электр бағаналар мен электр сымдардан алыс тұрыңыз; - мүмкіндік болса балаларға, қарттарға және мүгедек адамдарға далаға шығуға және қауіпсіз жерге жетуіне жәрдемдесіңіз. НЕНІ БІЛГЕН ЖӨН? - жер сілкінгенде отбасы мүшелерімен не істеу керектігін ақылдасып, алғашқы медициналық көмек беру; - көшеде, үйде, мектепте қауіпсіз жерлерді белгілеу; - дәрі қорабын даярлап, ішіндегі дәрі-дәрмекті қалай қолдануды үйрену; - құжат, ақша, қалташамды дайындап қою; - кереуетті терезе мен қабырғалардан алысырақ қою; - үйге кіретін жолды жиһаз т. б. заттармен жаппау; - шкафтар мен сөрелерді шегемен қатайту, үстіне ауыр заттар қоймауға тырысу; - улы химикат, тез жанатын сұйықтық секілді қауіпті нәрселерді алшақ жерде сақтау. ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІНГІ ӘРЕКЕТ: - дүмпулердің толық аяқталғанын күтіп, сабыр сақтаңыз; - үйдегі немесе пәтердегі қираған заттарды қарап шығыңыз; - электр желісі мен су құбырындағы ақауды қарап, ажыратыңыз; - алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақат алғандарға көмектесіңіз; - өрт ошақтары болса, сөндіруге тырысыңыз; - автокөлікті қауіпсіздік үшін көмектесуге ғана пайдаланыңыз; - телефонды тек құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін (102), өрт сөндірушілерді (101), дәрігерлерді (103), құтқарушыларды (112) шақыру мақсатында қолдану қажет; - балконға шықпауға тырысыңыз; - зақымданған ғимараттардың қасынан өткен кезде абайлаңыз. ҮЙІНДІ АСТЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ЖАҒДАЙДА: - үрейге бой алдырмай, сабырлылық сақтап, көмекке шақырыңыз; - өзіңізге алғашқы медициналық көмек жасаңыз; - қасыңызда адамдардың бар-жоғын, қайда жатқаныңызды анықтауға тырысыңыз: - сізді тауып алғанша дыбыстап немесе назар аудартатын заттарды қолданып, белгі білдіріңіз; - артық қимыл-әрекеттер жасамауға тырысыңыз

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
25.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 245
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 317
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 269
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 305

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4134
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5778
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4537
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5722