Ассамблея қызметі Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Тыныштық, бірлік пен береке – тәуелсіз қазақ елінің таңдауы. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында Ассамблея қызметінің басымдықтарына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ассамблея сессиясын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналғанын және мұның зор символдық мәні бар екенін атап өтті.
– Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз Қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, – деді Президент.
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы 1992 жылы жария болып, 1995 жылы 1 наурызда жүзеге асырылды. Осы жылдар аралығында аталған орган біраз жұмыс атқарды. Оның Президент әкімшілігінің құрамына енетін хатшылығы құрылды, мүшелері анықталды. Қазір бұл органның республика мен өңірлерде 480 облыстық, қалалық және аудандық ұйымдарды біріктіруші 25 ұлттық-мәдени орталықтары жұмыс істейді. Қазақстан Ассамблеясының сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» республикалық референдум өткізу туралы ұсынысына орай Алматы қаласы «Ассамблея жастары» еліміздегі Конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған челлендж ұйымдастырды. Алматы қаласы «Ассамблея жастары» «Жаңа Қазақстанды» қолдау үшін жастарды әлеуметтік желіде профиль суреттерін ауыстыруға шақырды. Мемлекет басшысы жаңа сын-қатерлердің туындауына ықпал ететін геосаяси ахуалдың ушығып тұрғанына баса назар аударады. Алматы қаласындағы орыс, украин, күрд, ұйғыр, корей, неміс, чешен, түрік, поляк, белорус этностары мәдени бірлестіктерімен бірігіп, осы ұлттардың этнографиясынан, тарихынан, мәдениетінен, шаруашылығы мен дәстүр-салттарынан мол мәліметтер ұсынатын жекелеген көрмелер мен тұсаукесерлер, осы бағытта түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру жолға қойылған. Оның пікірінше, мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухты көтеруге баса мән беру керек.
– «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Осы ретте саяси және қоғамдық плюрализмнің радикалды сипат алуына жол берілмейді. Әсіресе, азаматтарды кемсітуге, олардың ары мен намысын таптауға болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, Ассамблея құрылған уақыттан бері азаматтық бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңірді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің үш негіз құраушы басымдығын айқындап берді. Біріншісі – саяси реформаларды жүзеге асыру ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін күшейту. 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына ұйытқы болды. Қазақстан халқы біртұтас ұлтқа айналғанда ғана бірлігіміз баянды, өміріміз бейбіт болып, келер ұрпақ дамыған, өркениетті қоғамда өмір сүре алады.