Менің әжем – ерлік пен имандылықтың символы

Менің әжем – ерлік пен  имандылықтың символы

Менің әжем Иманова Шарбан 1927 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. Руы – Темеш. Қазақ әйеліне тән қарапайымдылықты, қайсарлықты, төзімділік пен тазалықты бойына сіңіре білген жан. Ұлы Отан соғысы жылдарында әжем туған еліне адал қызмет етіп, тылда еңбек еткен.

 

Елдің тыныштығы мен болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін аянбай тер төккен еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. 2004 жылы — Жеңістің 60 жылдығына, 2010 жылы — Жеңістің 65 жылдығына, 2015 жылы — Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде де әжем ауыл шаруашылығына белсене араласып, отбасының тірегі, ұйытқысы бола білді. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. Ұлы – Иманов Теміртас Сатмағанбетұлы. Сол ұлынан туған үш немеренің аяулы әжесі атанды. Сол немерелерінің бірі – мен, Иманова Перизат Темиртасқызы, әжемді шексіз жақсы көріп,  үлкен мақтанышпен еске аламын.

Әжем өте иманды, жүрегі мейірімге толы жан болатын. Қолынан тасбихы түспейтін, әр сәтте зікір айтып, Аллаға шүкіршілік етуді ұмытпайтын. Бізге де әр сөзін салмақпен айтып, сабыр мен сыпайылыққа тәрбиелейтін. Өнегелі өмірі мен тұнық мінезі – біз үшін мәңгілік үлгі. Әжемнің жанарындағы жылулық, маңдайындағы мейірім мен жүрегіндегі сабыр – бүгінгі күні менің жүрегімде мәңгі сақтаулы. Рухы тірі. Біз әжемізді сағынамыз, мақтан тұтамыз және әрдайым дұғамызда еске аламыз. Қазіргі таңда мен Астана қаласындағы №77 «Қошақан» балабақшасында  педагог-психолог қызметін атқарып, өз кәсібіме адал еңбек етіп келемін. Осындай ерлік пен имандылықтың иесі болған адамның ұрпағы болғаныма шексіз мақтанамын.

Перизат Иманова

08.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6905
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 7036
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 22027
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20636
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 24129