«НАР ТӘУЕКЕЛДІ» ЖАҚТЫРМАЙДЫ

«НАР ТӘУЕКЕЛДІ»  ЖАҚТЫРМАЙДЫ

Әйтеуір бір ілік тауып тиісіп қалатын «ғажайып» әдетімізге басып, «Аманат» партиясының «нар тәуекел» деп дұрыс жазғанына бір ұрынып қалып жатқандар бар екен. «Нартәуекел» деп қосып жазу керек дейді олар. «Аманаттықтар» да әбден әккі, қу боп алған. Қарсыластар ішінен біреулер шығып мін табатынын, сөйтіп қалай да аяқтан шалып қалатынын, онысына тағы да қарсыластар арасында біреулер жырқ-жырқ күліп, абыройды айрандай төгетінін жақсы біледі. Сондықтан орфографиялық сөздікке қарағыштап, тілші мамандардан сұрағыштап, екі шоқып, бір қараған ғой. Сонда қазіргі орфографиялық сөздіктің үнемі абыройға кенелте бермейтінін білді ме екен, білмеді ме екен?

Партияшылдардың бұл мінездеріне мән бермей, мына жақта сөздің, тілдің жайын өз әлдерінше талқылап жатқандар да бар. Бұл құптарлық іс. Дегенмен «нар тәуекелдің» мәселесі онша қиын емес. Бұл туралы тілші академик ғалым Рабиға Сыздық апамыздың «анықтауыштық қатынасқа құрылған сөз тіркестері бөлек жазылуы керек» деген қағидасы қисынды. Өйткені «нар» сөзіне «қандай» деген сұрақ қойып тұрмыз. Оның үстіне «НАР» мен «ТӘУЕКЕЛ» бірін-бірі кеудеден итеріп, тіресіп тұр. Неге десеңіз, біреуі жуан айтылады, екіншісі жіңішке айтылады. Жуан мен жіңішкенің қатар келуі үндестік заңына рақаттана бағынатын біздің ана тілімізге жат. Оны тез түсіндіру үшін осынау саяси дода кезінде ру-руға бөлінген өзімізді мысалға алсақ та болады. Бұл екі сөз екі рудан сияқты. Бірінің руы – жуан, екіншісінің руы – жіңішке. Сондықтан билікке қолы жеткен «НАР» «ТӘУЕКЕЛДІ» жанына жақындатқысы келмейді. Жақтырмайды. «ТӘУЕКЕЛ»-дің де «НАР»-ға жабысқысы кеп тұрғаны шамалы. Рабиға апайдың қағидасын ескермегендер «НАР» мен «ТӘУЕКЕЛДІҢ» бөлек жазылатынын осыдан-ақ біле берсе болады. 

Алайда бізді қазір «НАР ТӘУЕКЕЛ» ғана емес, жазуымыздағы одан да басқа көптеген былық ойландыруы керек. Мысалы мен осыны жазып отырып-ақ өз жазуымнан өзім жиренетін жағдайдамын. Көптеген сөзді қате жазып отырғанымды сезем. Тіпті «ҚАТЕ» деген сөзді «ҚАТА» жазып отырған жағдайым бар. Осындай қата жазылатын, бір сөздің ішінде рулары екі бөлек бірнеше дауысты дыбысты зорлап         сыйыстырған көптеген сөзді мысал етуге болады. Санамызға жағымды боп орныққан «КІТАП», «МҰҒАЛІМ» сөздерінің өзін жазғанда қолымды ылас бір нәрсеге малып алғандай күй кешем. Бұл сөздерді «ҚЫТАП», «МҰҒАЛЫМ» деп жаза алмай-ақ келеміз. Біздің ауылда «ҚЫТАП» деген адам болды. Міне, ол ағамыздың есімі қатасыз, дұрыс қойылған. Қадыр Мырзалы ақынның аты да солай. Қадір емес, Қадыр. Бірақ ол ағамыз Мырзалы емес, Мырзәлі деп жазғысы кеп әрекеттеніп, алайда Мырза мен Әлі (кейде Әли) деген руы бөлек екі сөзді қабыстыра алмай, ақыры бөлек жазып кетті. Ал «ҒАЛЫМ» сөзін жазғанда ыңғайсызданбайтын басымыз, «МҰҒАЛЫМДЫ» жазғанда не қып «ҒАЛІМ» боп қалғанымызды түсіну қиын. «ЗАЛЫМ» сөзін де «ЗАЛІМ» демейміз ғой. Оқушылар осы бір жазылуы ыңғайсыз сөздерді көзі қалай көрсе, тіліне солай айтқызбақ болып, сөздің соңғы буынын айтқанда езуін ыржитып жіберуге мәжбүр.

Бұл тақырыптың әңгімесі таусылмайды. Қалғанын келгенде жазармын.

 

Нұрлыбек САМАТҰЛЫ
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 56
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 696
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8755
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8155
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9138
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10369