Ораза кезінде тауда демалу: тыныштық, тепе-теңдік және жаңғыру

Ораза кезінде тауда демалу: тыныштық, тепе-теңдік және жаңғыру

Рамазан айы адам баласының өз жан дүниесіне терең үңілуіне, ағзасын жақсырақ түсінуіне жақсы уақыт саналады. Алайда ораза ұстау – белсенді демалыстан толық бас тарту керек деген сөз емес. Керісінше, дәл осы уақытта жан мен тәнге байсалды қараудың маңызы айқын сезіледі. Дәл сондай сәттер үшін таулы орта – ең қолайлы кеңістік.

Shymbulak курортының клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің мәліметінше, өткен жылдары ораза ұстаған райдерлер сырғанауға ең ыңғайлы уақыт ретінде кешкі уақытты – ауыз ашқаннан кейінгі кезеңді таңдаған. Қонақтардың сұранысын ескере отырып, курорттың инфрақұрылымы мен сервистік қызметтері Рамазан айында ораза ұстаған қонақтарға таулы демалысты барынша ыңғайлы етуге тырысып жатыр.

«Рамазан кезінде адамдар тауға көбіне таза ауа жұтып, серуендеп, жай қарқынмен сырғанап, өзімен-өзі қалып, ой жинақтау үшін бірнеше сағатқа келеді. Осыған байланысты курорт аумағында намаз бөлмелері мен дәрет алуға арналған орындар қарастырылған. Мейрамханалар ауызашарға арналған арнайы мәзір ұсынады. Сонымен қатар әр сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін түнгі сырғанау мүмкіндігі бар екенін еске саламын. Рамазан – мұндай форматтағы сырғанауды әлі байқап көрмегендер үшін тамаша мүмкіндік», – дейді Shymbulak курортының клиенттерге қамқорлық қызметінің жетекшісі Темірлан Жүсіп.

В период поста эксперты советуют избегать агрессивного темпа и катания на сложных трассах. Лучше выбрать спокойное катание, соблюдая размеренный темп и технику. Внимательное отношение к самочувствию позволяют безопасно включать катание и прогулки в расписание дня, не нарушая режим поста. Короткая перезагрузка на чистом морозном воздухе наполнит завершение дня спокойствием и внутренней энергией.

Ораза кезінде ағзаға физикалық жүктемені көп түсірмеген маңызды. Сондықтан 1,5-3 сағат сырғанау ең тиімді шешім саналады. Осы уақыт сырғанаудан жағымды әсер алып, эмоциялық серпін жинауға жеткілікті, әрі күш-қуатты сақтауға мүмкіндік береді.

«Ораза кезінде адам ағзасындағы сусыздану процесі мен ет қызуы әдеттегіден айқынырақ сезіледі. Сол себепті жеңіл, ауа өткізетін қабатты киім кию, желден қорғану және қажет болған жағдайда артық қабатты тез шешіп тастау мүмкіндігі аса маңызды. Осы қарапайым әрі әмбебап қағидаларды сақтасаңыз, сырғанау жайлы өтеді», – дейді Тау шаңғысы және сноуборд мектебінің жетекшісі Николай Хан.

Мамандар Ораза уақытында жоғары жылдамдықпен және күрделі трассаларда сырғанаудан бас тартуға кеңес береді. Оның орнына бірқалыпты ырғақты, техникаға мән беретін баяу сырғанауды таңдаған жөн. Ауыз бекіткен кісілердің өз ағзасына мұқият қарауы күн тәртібіне тауда серуендеу мен сырғанауды қауіпсіз енгізуге, ораза тәртібін бұзбай үйлестіруге мүмкіндік береді. Таза, қоңыр салқын тау ауасындағы қысқа серпіліс Оразаның әрбір күнін тыныштықпен әрі ішкі қуатпен толықтыра түседі.

22.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23227
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39684
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36714
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40873