«Qazaqstan dauiri» газеті – Тәуелсіздіктің төл құрдасы

«Qazaqstan dauiri» газеті – Тәуелсіздіктің   төл құрдасы

Қазір қоғам арасында беделі артып, зиялы қауымның сүйіп оқитын басылымының біріне айналған «Qazaqstan dauiri» (Қазақстан-Zaman) газеті Қазақстан Тәуелсіздігінің төл құрдасы саналады. Өйткені ол Қазақстан Тәуелсіз­дік алғаннан кейін 1992 жылы 17 қаңтарда ашылған-ды. Аталған газет сол тұста  Қазақстанда ашылған тұңғыш шетелдік еларалық еркін басылым болды. Содан бергі уақыт кеңістігінде біздің басылым түркі руханиятын көтеруге және осы елдің байырғы халқы – қа­зақ ұлтының сөзін сөйлеп, қазақ мүддесіне қызмет ету жолынан айныған емес. Қазақстан мен Түркияның арасындағы екiжақты ресми байланыстың орнағанына да биыл 30 жыл толды. 

2004 жылғы материалдар легі. «Саясат» айдарымен «Ұлт мүддесі – ел ертеңі» (Ж.Жанділдин), «Гендерлік демократия. Ол бізге керек пе?» (И.Жақып), «Билер институты – халық билігі мәдениеті үлгісі» (Сәбетқазы Ақатай), «Сенат державалық палата» Сәдібек Түгел), «Иран – демократиялық ұмтылыс» (Мұрат Телібеков), «Серіктестік қатынастар жалғасын табады» (Т.Жұмағұлов), «Түркия: сайлау сабақтары» (А.Аляз), «Мемлекеттік тіл қазақты ғана толғандыруы тиіс пе?» (Н.Қалқа), «Мәскеудегі маңызды кездесулер» (Т.Маратұлы), «Еліміздің астық шаруашылығы» (Ж.Борантаев), «Тендердің тағдырын теңге шеше ме?» (Ш.Молдабек), «ЕурАзЭҚ – адамзаттың ең үлкен табысы» (Ж.Жанділдин), «Аграрлық өндіріс ошағы» (З.Әйтімов, О.Смағұлов), «Ирак соғысы кімге қажет?», «Есірткі «қақпасындағы» Ауғанстан», «Қытай», «Егіз саясат арасындағы егес», ТМД құрылымын реформалау», «Қазақстан Орта Азиялық байланыстардың алтын көпірі» «Ұлтжанды ұлы тұлға» Ататүрік туралы, «Түркия үшін «Б» жоспары жоқ», «Ақырзаман АҚШ-тан бастала ма?» (Жанбақыт Борантаев),  «Түркі дүниесі» айдарымен «Түбі бір түркілер» сұхбат, (А.Мауқараұлы), «Қазақ-түрік лицейлері достық жаршысы» (Ә.Нысанбаев), «Түркі халықтарына ортақ тұлға» (Тұрар Рысқұлов туралы, «Қазақ туризмінің бұғанасы қашан бекиді?» (Ш.Молдабек), «тұлға айдарымен «Ұйытқы» (Ә.Бөкейханов туралы), сондай-ақ жыл бойы «Білім», «Тарих», «Демография», «Әлеумет және қоғам», «Отбасы», «Көкейкесті» мәселе айдарлары бойынша үнемі өзекті материалдар беріліп тұрған. Ең үздік мақала – «Возрождение – ажал аралы» (Б.Бүркітбайқұлы). 

 2005 жыл. Бұл жылы «Күретамыр», «Билік тынысы», «Имандылық», «Түрік әлемінің тұлғалары», «Попурри-сұхбат», «Ауыл», «Ілім-ғылым», «Шартарап», «Қылмыс», «Жанайқай», «Руханият», «Өнер» сынды жаңа айдарлар бойынша материалдар беріліп келді. Солардың ішіндегі сүбелілері мыналар: «Күретамыр» айдарымен «Арман болған Алматы метросы» (С.Жұмабекұлы), «Оянатын кез келді он партия» (Қ.Әбілқайыр), «Қазақстан және «...стандар» (Н.Бисен), «Сарбаз емес, саудагер сияқты» (Ж.Борантаев), «Саяси белсенділігіміз қай деңгейде?» Ш.Әмірбеков), экономикадан «Квота көсегемізді көгерте ме?», «Балық та байлығымыз»       (Ш.Батталғазиева), «Тендерге сенім арту тиімді ме?» (Ш.Молдабек), «Айранымыз Ресейге, шалабымыз – Қытайға» (Ә.Шудабай), «Уылдырық түсімізге ғана кіріп жүрмесін», «АҚШ Қазақстан мұнайына неге тәуелді?»  (Е.Сахариев), «Әйел маскүнемдігі –ұлт қасіреті» (С.Байқадиұлы), «Ажырасу неге көп?» (Қ.Мүрсеидова, Д.Қайрақпаева, Ә.Шүкірбекова), «Тарих» бойынша «Оғызнамалар» хақында (И.Жеменей), «Маңғыстауда 41 хандық көмулі» (М.Жылқыбаева), «Шыңғысханның қазаққа қатысы қанша?» (А.Мауқараұлы), «Жаңаөзенде қазақтың рухы биік» (Б.Ербақы), сондай-ақ, «Қылмыс», «Өнер», «Тәрбие», «Әлеумет», «Қоғам, «Дін», «Елмен бетпе-бет» айдарларымен де материалдар жарияланып тұрды. Осы жылдан бастап тест материалдары жарық көре бастады. Ең үздік мақала – «Адам сатқан офицер» (С.Жұмабекұлы). 

2006 жыл. Бұл жылы газетте «Депутатыңыз ойыңыздан шыға ма?», «Қамшыбасар – тұжырым», «Болмыс пен тұрмыс», «Бесігіңді түзе», «Ұлттық рух», «Асыл мұра», «Намысың қайда, қазағым?!», «Мәселе», «Біздің сұхбат» тәрізді айдарлар бойынша мақалалар берілді.

(Жалғасы бар)

 

17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799