Суицидтің қалай алдын аламыз?

Суицидтің   қалай алдын аламыз?

Әлемде жылына 10-20 миллион адам суицид жасау туралы ойға барады екен. Оның  1 миллионға жуығы қайтыс болады. Суицид жасаудан Ресей мен Қытай және Қазақстан алдыңғы орында екен. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының есебі бойынша Қазақстан азаматтардың өздеріне қол жұмсауы бойынша әлемде 3-орынды алады. Ал  үш жыл бұрын  Қазақстан 5-орында болыпты. Әлемде жыл сайын 1 миллиондай адам өзін-өзі өлтіреді. 1 миллион адамның 8 мыңы қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды деген сөз. Бір қиыны, суицид жасап жатқандар еліміздің келешегі деп саналатын жастар екен. 

Суицид жасауға бейім тұлғаның мінез-құлқының  ерекшеліктері:

Өзін өлтіру туралы табанды немесе қайталанған ойлар;

Жабығулы көңіл күй, асқа тәбеттің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы;

Көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішімдікке тәуелді болуы;

Оқшаулануы, өзін ешкімге керегі жоқ сезінуі;

Үмітсіздік, дәрменсіздік сезімі. Осы уақытта өзіне-өзі қол жұмсау тілегі алғашқы, күшті сезімі болуы мүмкін.

Еш үмітсіз сезімнен және өзін өлтіру туралы ойының әсерінен басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білмеуі;

 

Жастардың өзіне-өзі қол жұмсауының себептері:

Депрессиялық көңіл күй. Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық ауруларға шалдығуы. 

Отбасындағы шиленіскен қарым-қатынастар.

Оқудағы қиындықтар (мұғаліммен ортақ тіл табыса алмауы да әсерін тигізеді).

Адамдармен қарым-қатынасындағы сәтсіздіктер, жақын адамынан айырылу.

Қоғамдық орындардағы эмоционалдық, психикалық көңіл күйге назар аудармай, ауыр дөрекі сөздермен кемсіту, ар-ождан, намысқа тию.

Дене бітімінде физиологиялық кемшіліктер (адамның өзіне-өзі көңілі толмауы).

 

Тәуекелге баратын жасөспірімдер:

«Қиын» жасөспірімдер: ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, физиологиялық және психикалық даму кемістігі бар балалар, зорлық-зомбылық көрген балалар.

Өзін-өзі бағалауы төмен балалар: тез ренжігіш, депрессияға жеңіл түсетін балалар.

Көріп отырғанымыздай, суицидтік жағдайлар  әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан, дұрыс қарым-қатынас болмағандықтан орын алатыны белгілі болды. Сондықтан психологтар осындай қауіпті балалармен, олардың ата-аналарымен де жекелей жұмыс жүргізуі тиіс.

 

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы жөніндегі мәселе бойынша ата-аналарға кеңес:

1. Отбасындағы үлкендер арасындағы ұрыс-керіске балаларды араластырмау.

2. Өз балаларыңызға өмірге деген талпынысын, мақсатын құруға көмектесу.

3. Қиыншылықтарды жеңуге көмектесу.

4. Жасөспірімдердің талпынысына, өмірді бастауына жәрдем ету. 

5. Ешқандай жағдайда, қол күшін пайдаланып жаза қолданбау.

6. Өз балаларыңызды жақсы көріп, көбірек көңіл бөлу.

7. Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастыру: үйде, мектепте, көшеде. Бұл жерде тек қатыгездік емес, түсіністік керек.

8. Егер балаңыз тату, түсіністікте өмір сүрсін десеңіз, оның кемшіліктерін бетіне айта бермеңіз, кінәламаңыз.

 

Мұндай жағдайда қалай қол ұшын беруге болады?

Сіз баланың суицидке жақындығын байқап қалсаңыз,  ашық сөйлесуге тырысыңыз. Алайда өзі бастамайынша ол тақырыпқа сәйкес сұрақ бермеңіз. Балаңызды не мазалап жүр, жалғызсырап немесе өзін бақытсыз сезініп жүрген жоқ па, тығырыққа тірелгендей сезімде емес пе, өзін ешкімге керексізбін немесе қарыздармын деп ойламай ма, достары кім, неге қызығушылық танытады деген сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз. Тығырықтан жол тауып, яғни баламен ашық сөйлесу керек.  Бала өзін мазалаған жайттарды ашық айта алса, суицид туралы ойдан да арыла алады.  Баланың бұл әрекетіндегі мақсат не және себебі қандай екендігін ұғынуға тырысу қажет. 

 

Психолог мамандарға жүгінуден қорықпаңыздар

Психологке жүгіну деген есепке алыну немесе өміріңе таңба болып қалады деген сөз емес. Зерттеу нәтижесі бойынша суицидке баратындардың көбі  ақыл-есі дұрыс, дені сау, шығармашылық тұрғыда дарынды жеке тұлғалар екен. Бірақ олар шешімі қиын жағдайларға кездесіп жатады. Жасөспірімдік кезең – әртүрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдатып, уайымға түсіретін күрделі кезең. Сондықтан баланы жалғыздықтан құтқарудың бірден-бір жолы оны сүйіспеншілікке бөлеу екен. Яғни баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру керек.  Біз әр балаға жастайынан жақсы тәлім-тәрбие беріп, өмірді бағалай білуге, сүюге үйретіп өсірсек, қайғылы жағдайларға тап болмайды екенбіз. 

 

ШАРГҮЛ ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 132
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 131
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 647
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 765
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 680
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 690

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8826
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8224
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11451
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9208
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10435