Сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін бе?

Сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін бе?

Қоғамымызда қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрес ең үлкен мәселе болып тұр. Жалпы сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен бірігуі, сонымен бірге мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің парақор болуы – сатқындығы. Өзінің қызметтік мәртебесінің өкілеттіктерін жеке, топтық және бейқызметтік мақсаттар үшін пайдалану. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормаларына ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары жатады. Қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер елімізде қабылданды. «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары осыған кіреді. Сондай-ақ осыған байланысты ынтымақтастық туралы халықаралық актілерді айтуға болады. Сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаты болып саналады. ОСЫ МАҚСАТҚА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ? - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру; - құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтап, себеп-салдарларын жою; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын арттыру; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты күшейту; - құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын жабу, тергеп-тексеру; - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктері мен артықшылықтары; СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ: - заңдылық; - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; - жариялылық және ашықтық; - мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы; - іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын көбірек қолдану; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмектескен жандарды көтермелеу; - құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпас қағидаты.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
25.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5070
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5235
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20195
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18839
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22294