Тез қартаймаудың 5 әдісі

Тез қартаймаудың 5 әдісі

Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек,

Ашуың  – ашыған  у, ойың –  кермек.

Мұңдасарлық кісі жоқ, сөзді ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп, болады ермек? – деген өлеңін хакім Абай 1886 жылы 41 жасында жазған екен. Қанша уақыт өтсе де, бұл мәселе шешімін толық  таппай келеді. Бұл туралы ғалымдар не дейді, біз не дейміз, осы туралы ой қозғап көрелік. 

Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі екен.

Қазіргі кезде қартаю деп 75 пен 150 жастың аралығын айтады. Оны қалыпты немесе физиологиялық қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю – адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып, белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ал ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы аурумен ауыруы, саламатты өмір салтын ұстамауы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады.

Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім – геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім  гериатрия деп аталады.

Соңғы 10 жылда еліміздегі ана өлімі 3 есе азайып, сәбилердің шетінеуі 1,5 есе кеміген. Ал халықтың орташа өмір сүру жасы 69-ға жеткен. Міне, бұл көрсеткіштер Қазақстанда адам дамуы индикаторының жетістігіне, халықтың денсаулығын қорғау жүйесіне қосылған үлкен үлес.

Ғалымдар әдемі қартаю мен жастықты сақтаудың жолдарын мыңдаған жылдар бойы іздеп келеді. Қазіргі кезде ғалымдар қартаюдың әртүрлі анықтамаларын табуда. Біреулері қартаюды жасушалық заттың физико-химиялық құрылым өзгерісі десе, енді бірі қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, физиологияның төмендеуі дейді. Қалай десек те, қартаю – табиғи құбылыс.

Жалпы, бұл табиғи құбылыс болғанымен, қартаю әр адамның жеке ерекшеліктеріне, оның өмірлік ұстанымына, қоршаған ортасына, жеке қасиеттері мен мінез-құлқына, айналысатын ісіне, немен және қалай, қашан тамақтанатынына т.б. тікелей байланысты. Көптеген зерттеу нәтижесінде, жақындарына көп көңіл бөліп, уақытын бірге өткізген, өздері қалаған істерімен айналысатын  жандардың денсаулығы мықты болатыны анықталды. Жапондарда бұны  ЭКИГАЙ дейді. 

Зерттеуге қатысушылардың 73%-ы достарымен кездесіп, спорт залына, театрға барып, мұражай аралаған. Түрлі қоғамдық бірлестіктерде уақытын өткізген. Өзі қалаған істермен айналысқан. Зерттеушілер егде жастағылардың белсенді өмір салтын ұстануыдың маңызы бар екенін жақсы түсінетіндерін айтады. Сондықтан олардың денсаулығы жақсарып, көңіл күйі көтеріңкі болады.

Ал адамның жеке басына байланысты тез қартаймаудың қарапайым 5 әдісін пайдаланып көргендердің:  таза су ішіп, гимнастика жасап,  бетті ылғалдандырып, дұрыс тамақтанып, дұрыс демалып, бұған қоса миды шынықтырып, белгілі бір уақытта өзін-өзі қуантып және іштен тына бермегендердің ұзақ жасайтыны анықталған.

Әлемде ұзақ өмір сүру құпиясын тапқан бес елде –  Жапония,  Испания, Сингапур, Швейцария және Оңтүстік Кореяда адамдардың ұзақ жасын ортақтастырғанда 81-83 жасты құрайды. Көп жасаудың алғашқы шарттары: Бұл елдердің қуатты экономикасы,   балалардың өсуі мен жетерлік тамақтануы жоғары деңгейде өтелінгендігінде  дейді ғалымдар. Сонымен бірге, медицинаның соңғы дамыған технологиялары жаппай қолданылып, халықтың денсаулығын қорғау сапасының, аталған салада жоғары сапалы қызмет көрсетілуінде деп қарауға болады. 

Өмір сүру дағдысы, әлеуметтік проблемалардың аздығы, тамақтану мәдениеті, алаңсыз өмір сүру ортасының болуы да ұзақ өмір сүруге септігін тигізген.

Қартаймаудың негізгі емі дәрі-дәрмек емес, саламатты өмір сүру салты мен мәдениеттіліктің, ағарту ісі мен тәрбиенің деңгейіне байланысты.

Біздің мемлекетіміздің де осы бағытта дамып келе жатқанына шүкіршілік етеміз. Қарттарға деген қамқорлық та жақсаруда. Хакім Абай: «Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас. Жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?»  депті. Біздер де сол жақсы жаздың келетініне, мемлекетіміздің дамыған елдердің қатарына қосылатынына   кәміл  сенімдіміз.

Енді, қазақы қартаймаудың жолдарына тоқталайық.    

Өзім 84 жасқа аяқ басып отырмын. Қатарларымды және одан да ұзақ жасаған, өзім білетін отыз адамды зерделеп көргенімде, ұзақ жасаудың жолдарының әр адамда әртүрлі екені анықталды. Тағдырлары, тіршілігі, жұмысы, жанұясы, әлеуметтік жағдайы, мінезі, қоршаған ортасы, мекені, әке-шешесінің деңгейі, білімі, лауазымы, ішкен-жегені т.б. бір-біріне ұқсамайды және  ортақтастыруға, топтастыруға  келмейді. Бұны ғылым да дәлелдеп отыр. Бірақ ұзақ жасағандардың  бәріне ортақ бір нәрсе бары анық. Ол адамның генетикалық құрылымдарына тікелей байланыстылығы. Халық бұны сүйегі мықты,  тіні мықты дейді. Яғни ГЕНІ – ТҰҚЫМЫ мықты деген сөз. Олар  иммунитеті жоғары адамдар.

Бұл жерде Тәуке ханның «Жеті жарғысындағы» үш жүздің пірі Мүсірәлі қожа сопы әзіздің енгізген «Жеті ата» туралы заң тармағының рөлін түсінуіміз керек. Жеті атаға дейін қыз алыспау қазақы генімізді сақтаудың кепілі деп біліп, бұны қазіргі заңға енгізуге тиіспіз. 

Гені мықты жандар тағам талғамайды. Кез келген тағамды қорытып, өзіне керегін ала алады. Организмі кез келген ауруға қарсы тұрып, қоршаған ортаға қарай бейімделе біледі. Бұл адамның жаратылысына байланысты Алланың берген ерекше сыйы. 

Адам демі ерте таусылмау үшін: Бәрін  тағдырға ғана артып қоймай, тіршілікте таза ауа, дұрыс қозғалыс, жақсы тамақ, көңіл күйдің көтеріңкі болуы, пайдалы ұйқы мен демалуы қажет. 

Ал көңіл күй көтеріңкі болу үшін: өкпе мен кекті ұмыту, мейірімділік, садақа беру, көптің сеніміне кіріп, пайдалы болу,  достарыңның сені керек етіп, іздеп тұруы және артыңда өшпес із қалдырғаныңа көзіңнің жетуі  керек.

Бұл туралы Қазалыдан шыққан атақты шайыр Қарасақал Ерімбет: 

«Ұлғайса жасың елерме,

Халыққа атан жақсы шал.

Дем бітпесе өлім жоқ,

Досың үшін жауда қал», – депті.

Құрметті ұзақ жасаған ақсақалдар мен әжелер! Зейнетақы дегеніміз немерелер мен шөберелерді тәрбиелеуге және ұрпақ сабақтастығын сақтауға берілетін еңбекақы екен. Алланың бергеніне, мемлекеттің қамқорлығына, ұрпақтың құрметіне   шүкірлік етіп, әдемі қартаяйық. Ол үшін қартайсақ та белсенді болып, өзіміз сүйетін пайдалы істермен айналысып, қоғамдық жұмыстарға араласып, ұрпақты тәрбиелеп, елге пайдамызды тигізіп, денсаулығымызға көңіл бөліп, гериатрға көрініп, масыл болмаудың жолын қарастырайық. Көпке үлгі болуға тырысайық.  Жақсы шал, әдемі әже атанайық!

СЕРЖАНҚОЖА БЕРДЕНҰЛЫ, Медицина ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы Қазалы ауданы
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 75
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 275
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 271
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 892

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8969
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8363
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11589
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9347
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10573