Қазіргі кезеңде ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа өнеркәсіптік саясат маңызды қадам болып саналады. Елімізде экономиканы әртараптандыруға, өңдеу секторын жедел дамытуға және халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыруға арналған Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік саясаты жүзеге асырылуда. Ішкі өндірісті ынталандыру, технологиялық жаңғырту және отандық өнімді ілгерілету – негізгі басымдықтар болып саналады. Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік саясаты ел экономикасын дамытуға зор күш береді. Еліміз инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізіп, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, өңдеу өнеркәсібін дамытудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Халқымыздың ұзақ мерзімді экономикалық өсуіне осы стратегиялық бағыт жаңа жұмыс орындарының ашылуына және еліміздің әл-ауқатының молаюына септігін тигізеді.
Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік саясатты дамытуды заңды түрде қамтамасыз ету үшін 2021 жылы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданған болатын. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі таңдағы ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамызды өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жеткізу, сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет екенін атап өтті. Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша тоқталды. Осыған орай соңғы жылдары бірқатар мемлекеттік бағдарлама іске асырылып, 2023 жылдың наурыз айында 2023-2029 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы қабылданды.
Сондай-ақ экологиялық тұрақтылық мәселесі өнеркәсіп саласын дамытуға өз үлесін қосуда. Көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту үшін Қазақстан шетелдермен келісімге келген. Өндірістік кәсіпорындарды жаңғырту, қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін жетілдіру және «жасыл» технологияларды енгізу бойынша осыған байланысты жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану да өнеркәсіптің экологиялық әсерін азайту жолдары болып саналады.
Бізде маңызды факторлардың бірі – кәсіби кадрларды даярлау болып табылады. Қоғамымызда техникалық мамандықтарға деген сұраныс күннен-күнге өсіп келеді. Өнеркәсіптің заманауи талаптарына сәйкес мемлекет білім беру жүйесін бейімдеу жұмыстарын жүргізілуде. Осыған байланысты әріптестік орнату арқылы дуальді оқыту жүйесі енгізілді. Бұл оқу орындары мен кәсіпорындар арасында студенттердің тәжірибеден өтуіне жақсы негіз болмақ.
Жаңа өнеркәсіптік саясаттың мақсаты:
өңдеу өнеркәсібін дамыту: шикізатқа тәуелділікті азайтып, қосылған құны жоғары өнімдер шығару;
заңнамалық база: 2021 жылғы заң өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырудың құқықтық негізін қалады;
мемлекеттік ынталандыру: отандық тауарларды жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету;
бәсекеге қабілеттілік: жаһандық нарыққа шығу үшін өнім сапасын арттыру.
Сонымен Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік саясатының мән-мақсаты – ел экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын дамыту болып табылады екен. Қазақстан өңдеу өнеркәсібін дамытудың жаңа кезеңіне инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізу, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы аяқ басты. Бізде жаңа жұмыс орындарының ашылып, халықтың әл-ауқатының артуына, елдің ұзақ мерзімді экономикалық өсуіне осы стратегиялық бағыт өзінің септігін тигізбек.















