АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - АЗАТ ОЙЫМЕН АРДАҚТЫ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - АЗАТ ОЙЫМЕН АРДАҚТЫ

Азаматтық қоғам деген не? Бұған көпшілік әртүрлі жауап берді. Негізі азаматтық қоғам — мемлекеттік құрылымдарға (үкіметке) тікелей бағынбайтын, азаматтардың ерікті бірлестіктері, бастамалары мен жеке мүдделерін қорғайтын әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастар саласы. Ол адам құқықтары мен бостандықтары заң жүзінде қорғалатын, демократиялық принциптерге негізделген еркін қоғамның маңызды бөлігі.

Осы ретте айта кету ләзім, азаматтық қоғам өзін-өзі дамыта ала ма деген  сұрақ көптің көкейінде жүретіні анық.

Бұл сұрақты саясаттанушы Руслан Түсіпбеков былай жауап береді: «Меніңше, азаматтық қоғамның дамуына ешқашан бастаманың қажеті жоқ. Себебі, азаматтық қоғам өзі дамиды. Сол үшін бұған сырттан кедергі жасамау керек. Қысқаша айтқанда, оның бір ғана шарты бар, ол - оған ешкім кедергі жасамау. Мысалы, әлеуметтік желілер пайда болғалы бері біз сол платформалар арқылы белсенділік танытып, азаматтық қоғамның дамуына өзіміз кірісіп келеміз. Жұрт жақсы білетін жер мәселесі, үш тұғырлы тіл мәселесі туралы да сол платформаларда күресіп келеміз», - дейді саясаттанушы.

Қазақстандағы азаматтық қоғам соңғы жылдары айтарлықтай белсенді бола бастады. Еріктілер қозғалысы, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бастамалары — мұның бәрі қоғамның өздігінен дамуға ұмтылып жатқанын көрсетеді. Әсіресе экология, әлеуметтік әділдік, мәдени мұра және білім саласындағы жобаларда бұл айқын байқалады.

Азаматтық қоғам ұйымдарының мүмкіндігін одан әрі кеңейту маңызды. Былтыр Алматыда өткен форумда бас қосқан бес елдің сарапшылары осылай деді.

Жалпы, елімізде 23 мыңнан аса үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар ғылымнан бастап экологияға дейінгі кең ауқымды мәселелерді шешуге ат салысады. Мәселен, былтыр елімізде петиция институты құрылды. Бұл азаматтық қоғамға мемлекет істеріне қатысуына мүмкіндік беретін негізгі тетік деп атап өтті мамандар. 150-ден аса сарапшы қатысқан форумда цифрлық трансформация, климат өзгерісімен күрес, жастардың әл-ауқатын көтеру, әйелдердің құқықтарын кеңейту, зорлық-зомбылыққа жол бермеу секілді тақырыптар қозғалды.

 Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симич:Еуропалық одақ Орталық Азиямен қарым-қатынасын нығайтуға, сондай-ақ өңірлік тұрақтылықты, әлеуметтік инклюзивтілікті, орнықты дамуды қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар жастар мен әйелдердің болашағын қалыптастыруда белсенді рөл атқаруына мүмкіндік беру керек. Цифрлық трансформациядан климаттың өзгеруіне дейінгі заманымыздың ең өзекті мәселелерін шеше аламыз” деді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Айзада Құрманова:Азаматтық қоғамның дамуына да бұл форумның әсері мол. Бұл Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың дамуына ықпал етіп, азаматтық қоғамды халықаралық стандарттарға жақындатады. Бүгінгі таңда елімізде қабылданатын барлық шара азаматтық қоғамның өкілдерінің негізінде қабылданады” деген пікірде.

2026 жылдың 20-қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық үшін маңызды мәселелер мен стратегиялық бағыттарды талқылайтын Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеп, елдің дамуы мен тұрақтылық үшін халықтың әлеуеті мен келісімді нығайтуды маңызды алғышарттардың бірі деп атап өтті.

Сонымен қатар, «Жастар» ҒЗО зерттеулері көрсеткендей, жастардың жаңа бағдарлары тек азаматтық белсенділікпен шектелмейді. Олардың жеке тұлғалық дамуы мен ішкі теңгерімге ұмтылысы айқын байқалады: дінділікке бет бұру (23,1%), физикалық денсаулыққа көңіл бөлу (22,1%), психикалық әл-ауқатқа мән беру (14,9%), өзін-өзі білдіру мен қоғамдық бастамаларға қатысуға ұмтылыс (13,3%). Сондай-ақ, креативтік индустрияларды дамыту (14,5%), цифрландыру (9,3%), экологиялық белсенділік (8,2%) сияқты трендтер де жастар арасында байқалады. Бұл көрсеткіштер жастардың көпқырлы дамуға, шығармашылыққа және әлеуметтік құндылықтарға мән беретінін дәлелдейді.

Азаматтық бастамаларға қатысудан бөлек, жас ұрпақтың мүдделерін көрсету және оны қоғамға тарту мақсатында құрылған арнайы жастар ұйымдары да маңызды рөл атқарады. Қазақстандағы жастар ұйымдарының желісі әртүрлі форматта ұсынылған: қоғамдық бірлестіктер, студенттік бастамалар және саяси партиялардың жастар қанаттары. Мысалы, «Аманат» партиясының «Жастар рухы», Қазақстан Халық партиясының жастар қанаты, «Ауыл жастары», «Байтақ» партиясының «Generation» және басқалар жұмыс істейді. Айта кетерлігі, «Жастар рухы» жастар қанаты ең ірі болып табылады: ел бойынша шамамен 125 мың мүшеден тұрады және өңірлерде 20 филиалы бар. 2023 жылғы мәлімет бойынша 23 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, олардың 7,8%-ы жастар мен балаларға бағытталған.

Нағашыбай Қабылбек
15.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24694
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24359
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41801
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37678
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42095